Мектебіміздің акт залында «Олимпиада жеңімпаздары – 2018 жыл» атты кеш өтті. » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектебіміздің акт залында «Олимпиада жеңімпаздары – 2018 жыл» атты кеш өтті.
10
февраль
2018

Мектебіміздің акт залында «Олимпиада жеңімпаздары – 2018 жыл» атты кеш өтті.

09.02.2018ж.
Мектебіміздің акт залында «Олимпиада жеңімпаздары – 2018 жыл» атты кеш өтті. Кеште 2017-2018 оқу жылының аудандық, облыстық жеңімпаздары марапатталды. Кеште мектеп директоры А.Т.Джангарашева жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, болашақта бұдан да биік шыңдардан көріне берулеріне тілек білдірді.
Қысқаша олимпаиданың өтуі жайлы тоқтала кетсек:
2017-2018 оқу жылының мектепішілік пәндер олимпиадасы 2017 жылдың 22,23 қарашасы күндері өткізілді. Мектепішілік олимпиаданың комиссия төрайымы мен мүшелері анықталып, бұйрық шығарылды. Кезекшілер кестесі құрылды.
Мектепішілік олимпиадаға 170 оқушы қатысып, оның қорытындысы бойынша 2017 жылдың 24-26 қараша күндері аудандық кезеңге "Жібек жолы мектеп-лицейі” КММ 25 оқушысы жіберілді.
Пән атауы Оқушы саны
1. Физика 19
2. Қазақ тілі мен әдебиеті 28
3. Ағылшын тілі 12
4. Математика 12
5. География 23
6. Биология 48
7. Химия 6
8. Қ-н тарихы 16
9. Орыс тілі мен әдебиеті 6
Барлығы 170
Мектебіміздің акт залында «Олимпиада жеңімпаздары – 2018 жыл» атты кеш өтті.


2017 жылдың 24-26 қараша күндері өткен аудандық олимпиада кезеңінің қорытындысы бойынша 25 оқушының 6-ы 1-ші орын; 11-і 2 орын; 3-ші 3-ші орындарды иеленді.
Қорыта келгенде, аудандық кезеңге өткен 25 оқушының 20-сы түрлі орындарды иеленді. Олардың ішінде 1-ші орындарды иеленген 5 оқушы облыстық кезеңге жіберілді.
2017-2018 оқу жылындағы облыстық пән олимпиадасы 2018 жылдың 04 мен 05 қаңтары күндері Тараз қ. №53 орта мектебі мен №7 гимназиясында өтті.
«Білімді ұрпақ–ел болашағы». Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Енбегің мен алған білімің өзің үшін де, Елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ. Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болатынызға сенемін» деп жастарымызға сенім білдіреді.
Мектебіміздің акт залында «Олимпиада жеңімпаздары – 2018 жыл» атты кеш өтті.


Кеш соңында жүргізушілер: «Ендеше, осындай білімді де, саналы ұрпақ әр шаңырақ та көбейе берсін. Бүгінгі кешімізге қатысқан барлықтарыңызға алғыс айта отырып, кешімізді аяқтаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгеніңіз үшін сіздерге көп-көп рахмет» - деп кешті аяқтады.