“Қазақстан халқы тілдер күні” мерекесі Тіл- халық мұрасы » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Қазақстан халқы тілдер күні” мерекесі Тіл- халық мұрасы
29
ноябрь
2017

“Қазақстан халқы тілдер күні” мерекесі Тіл- халық мұрасы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен «Қазақстан халқы тілдерінің күні» мерекесі жыл сайын 22 қыркүйек күні болып жарияланды. «Қазақстан халқы тілдері күнін» мерекелеудің негізгі мақсаты-Қазақстан сияқты бірнеше ұлттың өкілдері тұратын мемлекеттегі тілдік ахуалды ,тіл құрылысын қалыптастыру мен дамытудың негізгі факторы және ұлтаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді реттеу және Еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерінің осындай киелі қасиеттерімен тығыз байланысты екендігін насихаттау болып табылады.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық тәсілдерді терең зерделеу және білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыру болып табылады. Елбасы: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады», – деп атап көрсетті.
“Қазақстан халқы тілдер  күні” мерекесі  Тіл-  халық мұрасы
“Қазақстан халқы тілдер  күні” мерекесі  Тіл-  халық мұрасы
Осыған орай,«Жібек жолы» мектеп-лицейінде аталмыш мерекеге байланысты түрлі деңгейдегі байқаулар мен тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған танымдық шаралар /қыркүйек айының 15-22 аралығында / ұйымдастырылды.
Қыркүйек айының 15 күні “Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні” мерекесіне орай «Тіл- халық мұрасы» атты апталықтың іс-шаралары жоспарланып,аудандық оқу әдістемелік кабинеті ұсынған іс-шаралар жоспары негізінде мектеп директорымен бекітілді.
Қыркүйектің 16 күні /2-11сыныптар / «Тіл- халықтар достығының кепілі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Қыркүйектің 18 күні «Мәңгілік Ел - мәңгілік Тіл» атты /ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»атты бағдарламасын жүзеге асыру аясында /апталықтың ашылу салтанатына арналған тәрбие сағаты өткізілді
Қыркүйектің 19 күні 7 –сыныптар арасында «Көкпар» интеллектуалды ойын орыс тілі пәні мұғалімі Кобец Н.Н. ұйымдастыруымен өткізілді.Онда оқушылар қазақ,орыс,ағылщын тілдерінде сөйлеп,өз білімдерін сынады.
Қыркүйектің 20 күні 6-9 –сыныптар арасында «Тіл –достықтың алтын көпірі» тақырыбында өзге ұлт өкілдері арасында байқау Г.Т. Бегалиева мен Г.А. Елубаеваның ұйымдастыруымен өткізілді.
Сондай-ақ ,ағылшын тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Merry hour” Инттеллектуалды сайыс ұйымдастырылып,оқушылардың тілге деген білім,біліктері сыналды.
Қыркүйектің 21 күні 5-9 –сыныптар арасында «Тілім- тірегім »мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
Қыркүйектің 22күні 10 –сыныптар арасында «Айтуға оңай» ток-шоуы қазақ тілі пәні мұғалімі А.И. Толеуованың ұйымдастыруымен өтті. Онда оқушылар мемлекеттік тіліміздің бүгінгі күнгі хал ахуалы жайында сөз қозғап,өз ойларын ортаға сала білді.
Қыркүйектің 22күні 7-9 –сыныптар арасында «Мен жастарға сенемін » /Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жылдығына орай/ Әдеби –сазды бағдарлама қазақ тілі пәні мұғалімі Л.Т. Адамбекованың ұйымдастыруымен өткізілді
Оқушылар Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың шығармаларынан үзінді оқып,ақын шығармашылығымен тереңірек таныса түсті.
Мектебімізде «Тіл- әр халықтың байлығы» атты көрме ұйымдастырылды.
Сондай-ақ тіл мерекесіне орай өткізілген аудандық іс-шараларға да мектеп оқушылары қатыстырылды.«Тілдарын» жас полиглоттар байқауына 8-сынып оқушысы Сағындыкова Айым қатысып,жүлделі 3 орынға ие болды.
8 –сынып оқушысы Асылхан Наргиз 8-10 сынып оқушылары арасында үш тілде көркемсөз оқу шеберлерінің сайысына қатысып,алғыс хатпен марапатталды. 10-сынып оқушылары «Тіл- халық мұрасы»,«Тілдің мерейі-елдің мерейі»тақырыптарында аудандық сырттай эссе жазу байқауына қатысты.
Апталықтың соңында өткізілген іс-шаралар қорытындыланып,белсенділік танытқан оқушылар мен ұстаздар қауымы мақтау қағаздарымен марапатталды.