1қыркүйек-Білім күні Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім! » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 1қыркүйек-Білім күні Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!
29
ноябрь
2017

1қыркүйек-Білім күні Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!

Алғашқы қоңырау мерекесі биыл «Құрбан айт» мерекесімен тұспа-тұс келгендіктен , білім күні 2- қыркүйек күні «Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» тақырыбымен өткізілді. Салтанатты жиынымыздың мақсаты-білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну, білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу.
Салтанатты жиын мектеп директоры А.Т Джангарашеваның құттықтау сөзімен ашылды. Оқушылар мен мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерге ыстық ықыласын білдіріп,өмірде биік шыңдарды бағындыра білулеріне тілектес екенін айтып құттықтады. Салтанатты жиынға аудандық білім бөлімінен Э. М. Наурызбаева және мектебіміздің ардагер ұстаздары шақырылды. Қонақтар арасынан аудан әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы Э.М. Наурызбаева оқушыларға ақ тілегін білдірді.
Дарқан даламызға Ыбырай атаның қоңырауы бүгін де жүздеген, мыңдаған қоңырау үніне қосылып, кәусар бұлақтай сыңғырлады. Білім күні - 1сынып оқушылары мен ата-аналар үшін әсерлі мереке болды.Оқушылар ән айтып, мың бұрала би билеп, жырдан шашу шашты.
Алғашқы қоңырауды соғу рәсімі Көкірекбай Жәнәлі,Атыхай Нурислам,Міңтай Іңкәр, Елтай Асылжанға ,Жанқабай Алдиярға ұсынылды.
Сонымен қатар 11 сынып түлектері 1 сынып оқушыларына сыйлықтарын табыс етті. Елбасым Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында әр сынып жетекшілері «Мен – өз елімнің патриотымын» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Биылғы ерекше айта кетер жайт, мектебіміздің директоры А.Т. Джангарашева 9-11 сынып оқушыларымен «Мен – өз елімнің патриотымын» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты- оқушылардың патриоттық сезімдерін оятып, әр оқушы жаңашыл болуға,білімге, ғылымға құштар болуға, өз елінің патриот азаматы болып өсуге насихаттау. Әр сыныпта өткізілген сабақтар оқушылар үшін тәрбиелік мәні зор болды.
1қыркүйек-Білім күні  Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!
1қыркүйек-Білім күні  Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!
1қыркүйек-Білім күні  Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!
1қыркүйек-Білім күні  Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!