Мектеп – лицейінің әнұраны » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
сентябрь
2016

Мектеп – лицейінің әнұраны

Атқан таңдай арайы
Жауған нұрдай жайдары.
Киелі білім ордасы
Тербеген бесік талайды.
Лицейім, асқақта!
Биік шыңдарға,
Бау-бақша жасыл бауларға,
Білімнің нәрін сусындап,
Егемен елдің ұланы,
Тәуелсіз елдің ұланы,
Кәусар боп аққан бұлағы.
Мектеп – лицейінің әнұраны«Жібек жолы» мектеп-лицейі 1993 жылы 13 қыркүйекте Шу қалалық әкімшілігінің № 180 бұйрығы бойынша Шу қаласының батыс мөлтек ауданында шағын мектеп орны ашылды. Алғашқы жылы бала саны 220, 22 сынып комплектісі болса, қазіргі таңда 641 оқушы, 34 сынып комлектісі бар. Екі аусымда қазақ, орыс тілінде оқытылады.
Ұлы Жібек жолының торабында орналасқандықтан, білім ордасы «Жібек жолы» деген атпен аталады. Мектептің ашылуына, қалыптасуына ат салысқан лицейдің алғашқы директоры «ҚР білім беру ісінің үздігі» Ислямова Жібек Төлеуқызы, Бахитов Жамбыл Маратұлы, Қозыкөрпешова Жұмакүл Қаракулқызы сияқты ұлағатты ұстаздардың еңбегі зор.
Мектеп-лицейде 2015 - 2016 оқу жылында 70 мұғалім жұмыс істейді. Оның ішіндегі 61 мұғалім жоғары білімді,9 мұғалім арнаулы орта.Жоғарғы санатты 34, бірінші санатты 12, екінші санатты 6, санаты жоқ 18 мұғалім оқушыларға білім беруде.
Мектептің материалдық-техникалық базасы жылдан жылға жақсаруда. Мектептің 1 спорт залы, 1 кітапхана жалпы қоры 23244 дана, оның ішінде: оқулықтар саны -8782, әдеби кітаптар саны –14462, әдістемелік кітаптар саны – 800, электронды оқулықтар саны - 80. Оқу кабинеттерінің саны 23, асхана 30 орындық көлемінде, 1 медициналық қызмет кабинеті, 1 мультимедия кабинеті, 1 информатика кабинеті, 8 интерактивті тақтамен жабдықталған кабинеттер бар.
2012 жылдың қорытындысы бойынша Ұлыбританияның Кембридж университетінің жанындағы Сократ комитетінің шешімі бойынша «Жібек жолы» мектеп-лицейіне «Еуропалық сапалы оқу мекемесі» деген құрметті атақ берілді.
2013-2014 оқу жылынан бастап «Жібек жолы» мектеп-лицейіне жоғары санатты тәжірибелі ұстаз, Ы.Алтынсарин атындағы төс белгісінің иегері Джангарашева Ардақ Төлепбайқызы басшылық етіп келеді.