26
январь
2018
«Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстандық білім» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция
26.01.2018ж. Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі, «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығының ұйымдастыруымен Шу қ. №40 мектебінің базасының «Рухани жаңғыру» кабинетінде «Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстандық білім» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның мақсаты: Оқушылардың зерттеушілік қызметке тарту арқылы ғылыми зерттеушілік, зияткерлік шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Конференцияға ауданымыздың 14 мектебінің 22 оқушысы қатысты. «Жібек жолы мектеп лицейі» КММ 9 сынып оқушылары Орынбасар Жалғас, Анан Назира мен 10 сынып оқушысы Атымтай Нұршолпан қатысты.
Орынбасар Ж. тарих пәнінің мұғалімі Э.С.Бекболатованың жетекшілік етуімен орындалған «Орта ғасырдағы Баласағұн қаласы» тақырыбындағы ғылыми жобасымен конференцияға қатысты. Жалғас бұл тақырыпта жұмысты 1 жылдан аса зерттеп келеді.

Атымтай Нұршолпан «Жауын құрты - пайдалы құрт» тақырыбында зерттеушілік жұмысымен конференцияда көрсетті. Жұмыстың жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Валиева З.С. Нұршолпан жетекшісімен жүргізген зерттеу жұмыстарына толық тоқталып өтті.
Конференция қорытындысы бойынша, әділқазылардың шешімімен Орынбасар Ж. 1-ші орынды, Асан Н. 2-ші орынды иеленсе, ал Атымтай Н. «Мәңілік Ел» тәрбие және білім беру орталығының сертификатымен марапатталды.
Орталық басшысы конференцияға қатысушыларға сәттілік тіледі.

