"Әбіш оқулары" байқауы » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
февраль
2018

"Әбіш оқулары" байқауы

03.02.2018ж.  «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ аудандық «Әбіш оқулары» байқауы өтті.

Мақсаты: Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, Әбіш Кекілбаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту.
"Әбіш оқулары" байқауы
         Байқауды «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ жүргізушілері қатысушылар мен қонақтарға қошемет көрсетуден бастады.
         Шараның басы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен творчествосынан қысқаша бейнебаян көруден басталды.  Содан кейін ақын, жазушының туындыларынан үзінділерімен мектебіміздің оқушылары сахнаға шықты.

Келесі кезекте жүргізушілер Әбіш Кекілбаевқа арналған «Әбіш оқулары»  байқауының бөлімдерімен таныстырып өтті.
"Әбіш оқулары" байқауы
1. Үй тапсырмасы. Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер.
2. Ә. Кекілбаевтың шығармаларынан үзіндіні мәнерлеп оқу байқауы.
3. Шығармашылық жұмыс. Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы.  
4. Ә. Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым байқауы.
"Әбіш оқулары" байқауы
«Әбіш оқулары»  байқауына қазылық еткендер:
Қазылар алқасының төрағасы
1.   Базарова Майра Айдарбекқызы – аудандық білім бөлімінің басшысы.
Қазылар алқасының мүшелері
Ә. Кекілбаевтың шығармаларынан үзіндіні мәнерлеп оқу және шығармаларынан сахналық қойылым бөлімдері бойынша қазылық жасайтын.
1.   Байжол  Қуантай Халықұлы –  Шу аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.
2.   Батырхайрова Динара Бақытжанқызы – Аудандық «Шу өңірі» газетінің редакторының орынбасары.
3.   Күннұр Тұрлыбекова  -  Шу қалалық мәдениет үйінің режиссері
 Үй тапсырмасы: Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер байқауы бойынша қазылық ететін.
1.   Бегімбаева  Лайля Данебекқызы – аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабиенет меңгерушісі
2.   Қошаева Жанар Тәжібайқызы  – Балалар шығармашылық орталығының директоры.
3.   Әлімкешова Мөлдір Әділбекқызы  - Балалар шығармашылық орталығының мұғалімі.
"Әбіш оқулары" байқауы
Шығармашылық жұмыс. Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы бойынша қазылық жасайтын.
1.   Мықтыбекова Роза Жексенбекқызы - аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі.
2.   Құлмағанбетова Гүлжан – Төле би (қ) орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
3.   А.Төлегенова №40 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
 

"Әбіш оқулары" байқауы

 

Әділ қазылардың қорытындысы бойынша:
 
Үй тапсырмасы: Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттері байқауынан «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ 9 сынып оқушысы Рахат 2 орынды иеленді;
Шығармашылық жұмыс. Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауында мектебіміздің  10 сынып оқушысы  Тлеуберген Томирис 1 орынды иеленді; 
Ә. Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым байқауының қорытындысы бойынша «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ оқушылары 1 орынды бағындырды.