Ұстаз-ұлы тұлға » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
ноябрь
2017

Ұстаз-ұлы тұлға

Мұғалімдер күні - білім саласындағы қызметкерлердің кәсіби мейрамы. Бұл айтулы күнді 1994 жылы ЮНЕСКО-ның бастамасымен бесінші қазан күні болып бекіткен. 1966 жылы осы күні ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымы шақырған конференцияда «Мұғалімдер жағдайы туралы» ұсынысты - мұғалімдер еңбегі жағдайларын айқындайтын тұңғыш халықаралық құжат қабылдады.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда ұстаздың еңбегі зор. Олай дейтініміз, ел билеген парасатты патшаның да, дүлдүл ақынның да, ержүрек батырдың да өз ұстазы болғаны анық.
Ұстаз-ұлы тұлға
Ұстаз-ұлы тұлға
Ұстаз-ұлы тұлға

Бұл ретте даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы: «Ұстаздық-ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысы да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де, ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз»- деп ұстаздардың қоғамдағы орнына әділ бағасын берген болатын.
Бұл күн қоғамдағы мұғалімдер жайына, олардың білім беру мен дамудағы рөліне көңіл бөлуді көздейді. Бүкіләлемдік мұғалімдер күнін әлемнің 100-ден астам мемлекеттері атап өтеді.
Сондай-ақ ұстаздар күні мерекесі мектебімізде де жоғары деңгейде аталып өтілді. Іс-шараның мақсаты- ұстаздарды құрметтеуге, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеуге, сыйлауға үйрету, білім мен біліктілікті ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу.
Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету мақсатында әр сыныпта тәрбие сағаттары, дөңгелек үстелдер өткізілді. «Ұстаз-ұлы тұлға» тақырыбында барша ұстаздар қауымына арналған салтанатты жиын өткізілді, жиын соңы 9 А,Б,В сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен өткізілген сазды бағдарламаға ұласты. Оқушылар өздерінің жүрек жарды тілектерін білдіріп, әннен шашу шашып, мың бұрала би биледі. 1 сынып оқушылары ұстаздарымызды кәсіби мерекелерімен құттықтады. 1 В сыныбының оқушылары «Танго» биін мың бұрала билеп көрерменді тәнті етті. Сонымен қатар ұстаздардың көңілдерін көтеру, күлкі силау мақсатында, 9 сынып оқушылары өздерінің әзілдерін көрсетіп, бір шаттыққа бөледі.
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам ол- мұғалім Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. Ұстаздар мерекесі құтты болсын!