«Лицеист-2017» » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
ноябрь
2017

«Лицеист-2017»

Мектебімізде дәстүрге айналған іс-шаралар жыл сайын жалғасын табуда. Соның бірі 5 сыныптар аралығында өтетін «Лицеист-2017» мерекесі. Мереке деп атаудың да бірден бір себебі- 5 сынып оқушылары лицеиіміздің әнұранын шырқап, әннен шашу шашып, мың бұрала би билейді.Биылда сол дәстүрді жалғастырып, 12-қазан күні 5 а,б,в сынып оқушылары аралығында іс-шара ұйымдастырылды. Іс –шара мектебіміздің директоры Джангарашева Ардақ Төлепбаевнаның оқушыларды құттықтау сөзімен ашылды.
«Лицеист-2017»
«Лицеист-2017»

5 сыныптар аралығында ұйымдстырылған іс-шара бес бөлімнен өткізілді.
1. Біздің сынып \таныстыру\ бөлімінде әр сынып өздерін әнмен, жыр жолдарымен таныстырып шықты.
2. «Өнерлі өрге жүзер» бөлімінде оқушыларымыз өздерінің биге деген икемдерінің бар екенідігін көрсетіп, мың бұралып топ болып би биледі.
3. «Ойлы болсаң, озып көр» бөлімінде әр топ басшыларының білім деңгейі бағаланды. Оқушылар қима қағаздардағы сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, өз білімдерін көрсете білді.
4. «Лицейімізге-25 жыл» макет қорғау бөлімінде әр сынып өздері болашақта көргісі келетін, армандайтын болашақ мектеп макеттерін жасап, қорғап шықты.
5. Үй тапсырмасы бөлімінде оқушылар лицей өмірінен қызықты көріністер көрсетті.

Жарыс барысында оқушыларымызға әділ баға беріп отырған ұстаздарымыз: технология пәнінің мұғалімі Г. Нуралбаева, директордың ғылыми ісі-жөніндегі орынбасары А. Толеуова және мектебіміздің психологы Ж. Джуманбаева әр сыныпқа тиесілі ұпайларын қойып, қорытындысын шығарды. Жарыс қорытындысы бойынша: жүлделі I орынды -5А сыныбы, II орынды – 5Б сыныбы, III орынды-5В сыныбы иеленіп, мақтау қағазымен марапатталды..
Марапаттаудан кейін мектебіміздегі 5 сыныптың 65 оқушысына «Лицеист куәлігі» табыс етілді