«Отбасы күні» мерекесі. Отбасы-бақыт мекені » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Отбасы күні» мерекесі. Отбасы-бақыт мекені
29
ноябрь
2017

«Отбасы күні» мерекесі. Отбасы-бақыт мекені

«Отбасы күні» мерекесі Қазақстанда 2013жылдың 8-қыркүйек күні тұңғыш рет аталып өтілді ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен «Отбасы күні» мерекесі қыркүйек айының екінші жексенбісі күні тойланатын болды. Оның мақсаты-жанұялық құндылықтарды нығайту. «Отан-отбасынан басталады» демекші жанұяның береке-бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Отбасы-Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі. «Қазақстан -2050» Стратегиясындағы ең басты мақсат-әрбір қазақстандық отбасының әл-ауқатын арттыру- деп баса айтылған. Отбасы мерекесіне орай республика көлемінде жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы ұйымдастырылып өткізілуде.
«Отбасы күні» мерекесі. Отбасы-бақыт мекені
«Отбасы күні» мерекесі. Отбасы-бақыт мекені
Осыған орай «Отбасы күні» мерекесі мектебімізде де жыл сайын аталып өтілуде. Биылда мерекеге арналған іс-шара жоспары бекітіліп, 1-11 сыныптың жетекшілері «Бақытты отбасы-береке ордасы» тақырыбында тәрбие сағаттарын, кітапханашы С. Сейпаталиева «Кітап және отбасы» тақырыбында көрме, Б. Үркімбаев «Отбасы-өмірдің мәні» тақырыбында сурет байқауын, 5-6 сынып оқушыларымен мектебіміздің психологтары Ж. Джуманбаева мен А. Қоғабаева «Мен- отбасымның бір бөлшегімін» тақырыбында тренинг, Н. Абдыманапова «Отбасынан артық не болуы мүмкін»деген тақырыпта дөңгелек үстел және дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері Ғ. Әзімқұлов пен Ә.Дүйсекенің ұйымдастыруымен 4 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында «Әкем,шешем және мен» атты спорттық жарыс өткізілді.
«Әкем,шешем және мен» атты спорттық жарыстың мақсаты- спорттық ойындарды ойнай отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Жарысқа 4а сыныбынан «Сұңқар» тобы, 4б сыныбынан «Тұлпар» тобы және 4в сыныбынан «Верные друзья» топтары қатысты. Әр топ өз командаларын таныстырып, эстафеталық жаттығулар, қаппен секіру, допты дәлдеп лақтыру, арқан тартыс ойындарына белсене қатысты. Жарыс соңында топ басшылары гир тасын көтеруден жарысқа түсті. Жарысты бағалайтын әділ-қазылар алқасы белсенді командаларды анықтап, қорытынды жасады. I орынды-«Сұңқар» тобы, II орынды-«Тұлпар» тобы және III орынды-«Верные друзья» тобы иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.