«Ана –гүл, ана-жыр, ана-өмірдің шуағы» тақырыбында көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мере » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ана –гүл, ана-жыр, ана-өмірдің шуағы» тақырыбында көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мере
10
март
2020

«Ана –гүл, ана-жыр, ана-өмірдің шуағы» тақырыбында көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мере

«Жібек жолы» мектеп-лицейінде 2020 жылдың 05 наурыз күні«Ана –гүл, ана-жыр, ана-өмірдің шуағы» тақырыбындағы 8 наурыз мерекесіне арналған «Ұлы Жібек жолы» шаңырағының ұйымдастыруымен мерекелік кеш өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты оқушылардың нәзік жандарға,анаға деген жан-жылуын, махаббатын, сүйіспеншілігін, адамгершілік қасиеттерін арттыру.Концерттік бағдарлама барысында алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Джангарашева Ардақ Төлепбайқызы алып, ұжымдағы барша әйелдер қауымын 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, жылы лебіз-тілектерін білдіріп, мектебімізде бірталай жыл еңбек етіп, білімді шәкірттерді білім ордасынан ұшырған ардагер ұстаздарымызға сыйлықтар мен гүл шоқтарын ұсынып, мақтау қағаздарымен марапаттады.

Келесі сәтте 6 «ә», 7 «а», 9 «б» сыныптарынан құрылған «Ұлы Жібек жолы» шаңырағы қауымдастығының ұйымдастыруымен мерекелік кешімізді мың бұралған биші қыздарымыз «Қыз ғұмыр» биімен ашты.
 «Әке-ана» әнімен Мыңтай Іңкәр мен Жексен Ерасыл.
Мектебіміздің кішкентай бүлдіршіндерінің орындауында би.
9 «б» сынып оқушылары «Вальс королі» атанған Шәмші Қалдаяқов атамыздың әндерінен попурри және вальс биін ұсынды.
 6 «ә» сынып бишілер тобы ұлттық биімізді паш етті.
 Мұратхан Санжардың барша аналарымызға арнаған «Мама» әні.
 Сахнада 3 «б» сыныбының тобының орындауында би.
 Өнерпаз оқушыларымыздың тартуынан хор «Ана-ұстаз» әнімен.
 7 «а» сынып ұлдарының орындауында «Джентельмен» биі.
 Кеш соңында оқушылар ұстаздарға гүл шоқтарын ұсынып,салтанатты мерекелік концертімізді аяқтады.








Орындаған ДТІЖО: З.Б. Ернаурызов