Шу қаласы «Жібек жолы» мектеп-лицейінде «Тәрбие орталығы айлығының» өтілуі туралы мәлімет: » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шу қаласы «Жібек жолы» мектеп-лицейінде «Тәрбие орталығы айлығының» өтілуі туралы мәлімет:
03
март
2020

Шу қаласы «Жібек жолы» мектеп-лицейінде «Тәрбие орталығы айлығының» өтілуі туралы мәлімет:

2020 ж.наурыз айының үшінші жұлдызында «Тәрбие орталығы айлығының» ашылу салтанаты өткізілді. «Жібек жолы» мектеп-лицейінде 10 үйірме өз жұмысын жүргізеді. Мектеп оқушылары өздерінің бос уақытында «Мәдени мұра», «Жас эколог», «Мәдени туризм», «Жас жігер», «Ғылыми жоба негіздері», «Робототехника», «Драма», «Геоақпараттық технологиялар негіздері», «Саз әлемі», «Ритмика» үйірмелеріне қатысып, өз білімдері мен өнерлерін ұштай түсуде. Айлықтың ашылу салтанатында ең бірінші мектеп директоры А.Т. Джангарашева сөз алып, мектеп ұжымына, оқушыларға үлкен табыстар мен жетістіктерге жетуіне тілегін білдірді. Іс-шара барысында үйірмеге қатысатын оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Атап айтсақ «Драма» және «Жас эколог» үйірмесіне қатысатын оқушылар «Жер ана» экология тақырыбында драмалы сахналық қойылымдарын көрсетсе, «Саз әлемі»үйірмесі мен «Ритмика» үйірмесіне қатысатын оқушылар ән орындап,биші қыздарымыз билерімен ортаға шықты. 11 сынып оқушысы Жұмабек Шаттық өз шығармашылығын көптің назарына ұсынды. Және де жоғарыда айтылған үйірме оқушылары өз өнерлерін көрсетіп ұлы Абайдың шығармаларын мәнерлеп айтты. Кешіміздің соңында «Геоақпараттық технологиялар негіздері» үйірмесінің жетекшілігімен «Геоақпараттық жүйені қалай қолданамыз?» тақырбында презентация көрсетілді.