13
декабрь
2019
«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында Тәуелсіздік күніне арналған «Болашақ» шаңырағының ұйымдастыруымен мерекелік кештің өту барысы.
«Жібек жолы» мектеп-лицейінде 2019 жылдың 12 желтоқсанында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында Тәуелсіздік күніне арналған «Болашақ» шаңырағының ұйымдастыруымен мерекелік кеш өткізілді.Іс шараның негізгі мақсаты оқушыларды адамгершілікке , Отан суюге, сыйластыққа, ұлтшылдыққа тәрбиелеу. Концерттік бағдарлама Қазақстан Республикасының Гимнімен басталып ары қарай «Жібек жолы» мектеп-лицейінің директоры Джангарашева А.Т. барша ұстаздар мен оқушыларды және ата аналарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап жылы лебіз тілектерін білдірді. 5 «Б» , 8 «А» , 10 «Б» сынып оқушыларынан құрылған «Болашақ шаңырағы» концерттік бағдарлама қойылды. Бастауыш сынып флешмобы соңында мектеп директорына лицейдің логотипі бейнеленген ту тапсырылды.
[/center]Петроглиф таңбалары көрінісінен би орындалды.
«Үш жүздің бірігуінен »көрініс және «Қайраттың анасына хаты»-нан көркем сөз оқылды.
Оқушылар хоры мен ұлттық аспапта күй ойналды.

