Ата-аналарға » Страница 3 » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
«САРБАЗҒА ХАТ» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
07
май
2022
«САРБАЗҒА ХАТ» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
Бүгін «Жібек жолы» мектеп-лицейінің оқушылары ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай, «Сарбазға хат» әскери-патриоттық акциясы шеңберінде Қазақстан Қарулы Күштерінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілеріне қолына қаламын алып, Отан алдындағы міндетін атқарып жүрген сарбаздарға хат жазды. Хат жазған балалардың арасында туған ағалары да әскер қатарында қызмет атқарып жүр екен. Балалардың хаттары еліміздің кез келген әскери бөлімшесіндегі нақты мекен-жайға, іні-қарындастарының сәлемдемесі
"Жастар құқығы" тақырыбында кездесу
06
май
2022
"Жастар құқығы" тақырыбында кездесу
2022 жыл "Балалар жылы" аясында ағымдағы жылдың мамыр айының 06 күні Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері И.Инкибаева мен Шу қалалық жастар ресурстық орталығының аға инспектор заңгері Гүлбану Жаңабековамен мектебіміздің 9-10 сынып оқушыларымен "Жастар құқығы" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында келген қонақтарымыз оқушыларға қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық пен заңбұзышылықтың алдын алу, қаңғыбастық пен
«9 мая День Победы! Мы помним, мы гордимся»
06
май
2022
«9 мая День Победы! Мы помним, мы гордимся»
Еліміздің өткен өміріндегі бел-белестеріне ойша көз жіберсек, Ұлы Отан соғысының отты жылдары еске түседі. Иә, бұл бір халықтың басына туған қиын-қыстау, сұрапыл кезең еді. Майдандағы жауынгерлер де, тылдағы еңбеккерлер де бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бүкіл халқымыз жеңіс үшін қажеттің бәрін істеді. Майдан мен тылдың біртұтас қимыл-әрекеті сол ұлы Жеңісті әкелді де. Сол бір жылдардың ізі өшкен жоқ ел көкейінен, соғыс өртінің шарпуы тимеген шаңырақ бар ма екен, сірә? «Майдан», «тыл»
Лицеистерді марапаттау дәстүрлі  жиыны.
05
май
2022
Лицеистерді марапаттау дәстүрлі жиыны.
2021-2022 оқу жылы барысында лицеистер түрлі мектепішілік, аудандық,облыстық,онлайн байқауларға,пән олимпиадалары, спорт жарыстарына қатысып жүлделі жетістіктерімен қоржынды толтыруда.Осы ретте оқушыларды марапаттаудың дәстүрлі жиыны өтті.
Жақсылық жасауға асығайық!
04
май
2022
Жақсылық жасауға асығайық!
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Осыған орай, «2022 - Балалар жылы» және тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету мақсатында «Жібек жолы» мектеп-лицейінің ұжымы қайырымдылық акциясын өткізді. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», - дегендей Шу қаласы М.Мәметова көшесінде тұратын көп балалы отбасына қамқорлық танытып, азық-түлік себеттері және тұрмысқа қажетті басқа да заттармен қамтамасыз етті. Әрине, бүл іс-әрекетіміз көлге тамған
«Мұражайға саяхат»
03
май
2022
«Мұражайға саяхат»
2022 « Балалар жылы» мамыр айының 3 күні « Жібек жолы мектеп-лицейінің» « Мәдени мұра» үйірмесінің 5 сынып оқушылары Шу ауданы , Төле би ауылында орналасқан « Тарихи-өлкетану» мұражайына барды. Барлық жәдігерлер тарихи кезеңдер маңыздылығына қарай бес бөлімнен тұрады.Археология,этнография,тарихи кезең, Шу өңірі және Тәуелсіз Қазақстан бөлімдеріндегі жәдігерлермен танысты. Оқушылар аудандағы Ауған соғысына қатысушылар,Желтоқсан оқиғасына қатысқан Шулықтар , Ұлы отан соғысына қатысқан ардагерлер
Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан
30
апрель
2022
Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан
«Жібек жолы» мектеп-лицейінде «2022 – Балалар жылы» және 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын қалыптастыру, ұлттық қарым - қатынасын, халықтар достығын нығайтуға тәрбиелеу бүгінгі мерекенің ең басты мақсаты болды. Онда оқушылар Қазақстанда мекендейтін түрлі ұлт өкілдерінің киімдерін киіп, ұлттық билерін билеп, ән айтып, тақпақтар оқылды. Ұлы қазақ даласында басқа
Отбасылар сайысы
26
апрель
2022
Отбасылар сайысы
Бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі өте зор. «Әкем, анам және мен» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы бар ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің «Жібек жолы» мектеп-лицейіміздің 6 сынып оқушылары мен сүйікті де белсенді ата-аналарымыздың арасында өткізілді. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп берді. Ойын қызықты өтті. Сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі І
Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу
21
апрель
2022
Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу
«2022 – Балалар жылы» және әскери-патриоттық айлығының жоспары аясында бүгін, «Жібек жолы» мектеп-лицейі «Ауған асуында от кешкендер» тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері Теңізбаев Марат пен Далабаев Нұрдаулет қатысты. Жас буынды ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында Ауған соғысының ардагерлері өздерінің бастан кешкен оқиғаларын жастарға жеткізіп, мұңмен еске алды.Әңгіме барысында оқушылар қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Түлекпен кездесу
20
апрель
2022
Түлекпен кездесу
Бүгін, 20 сәуірде «Жібек жолы мектеп-лицейінде» «Жомарт түлек» жобасы аясында 1995 жылғы мектептің алғашқы түлектерінің бірі Нұртаева Гүлбайрам Сейітжановнамен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты: «Жомарт түлек» жобасы аясында түлектеріміздің табысты өмір жолын үлгі ету, мектеп оқушыларының болашақта таңдайтын мамандықтарын дұрыс таңдай білуге бағыт-бағдар беру. Келген түлегіміз қазіргі таңда жеткен жетістіктеріне мектеп қабырғасында алған білімінің, оқуға деген құштарлығының, аянбай еңбек