Отбасылар сайысы » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Отбасылар сайысы
26
апрель
2022

Отбасылар сайысы

Бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі өте зор. «Әкем, анам және мен» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы бар ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің «Жібек жолы» мектеп-лицейіміздің 6 сынып оқушылары мен сүйікті де белсенді ата-аналарымыздың арасында өткізілді. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп берді. Ойын қызықты өтті. Сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі І – орынды 6 «Ә», ІІ – орынды 6 «Б», ІІІ – орынды 6 «А» мен 6 «В» сыныптары бөлісті.
Сондай-ақ, әр команда сынып жетекшілер атынан сыйлыққа ие болды.