Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу
21
апрель
2022

Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу

«2022 – Балалар жылы» және әскери-патриоттық айлығының жоспары аясында бүгін, «Жібек жолы» мектеп-лицейі «Ауған асуында от кешкендер» тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізді.
Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері Теңізбаев Марат пен Далабаев Нұрдаулет қатысты. Жас буынды ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында Ауған соғысының ардагерлері өздерінің бастан кешкен оқиғаларын жастарға жеткізіп, мұңмен еске алды.Әңгіме барысында оқушылар қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Ардагерлер өз ойларымен бөлісіп қана қоймай, қазіргі жастарға бейбіт өмірді сақтауға, түрлі арандатушылыққа бой алдырмауға, Отанды қорғауға дайын болуға шақырды. Сонымен қатар, 17 жасқа толған ұлдарға әскерге шақыру учаскесіне тіркеу куәліктерін табыстады.
Кездесу оқушылар ұйымдастырған сахналық көрініс, ән, би өнерімен жалғасын тапты.