«9 мая День Победы! Мы помним, мы гордимся» » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «9 мая День Победы! Мы помним, мы гордимся»
06
май
2022

«9 мая День Победы! Мы помним, мы гордимся»

Еліміздің өткен өміріндегі бел-белестеріне ойша көз жіберсек, Ұлы Отан соғысының отты жылдары еске түседі. Иә, бұл бір халықтың басына туған қиын-қыстау, сұрапыл кезең еді. Майдандағы жауынгерлер де, тылдағы еңбеккерлер де бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бүкіл халқымыз жеңіс үшін қажеттің бәрін істеді.
Майдан мен тылдың біртұтас қимыл-әрекеті сол ұлы Жеңісті әкелді де. Сол бір жылдардың ізі өшкен жоқ ел көкейінен, соғыс өртінің шарпуы тимеген шаңырақ бар ма екен, сірә? «Майдан», «тыл» деген жай аты ғана. Әйтпесе, бірі мылтықты, бірі мылтықсыз – екеуі де жанкешті шайқас болатын. Ер азаматты оқ қинаған, бала-шағаны жоқ қинаған заман еді ғой.
Қазіргі таңда, өкінішке орай соғыс ардагерлерінің саны сиреді. Биылғы Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 77 жыл толуына орай, 05.05.2022ж. «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ 5 в сынып оқушылары А.Жолшыбектің жетекшілігімен, соғыс кезіндегі қиямет-қайым қиындықтарды жеңе білген тыл еңбеккерлері - Ауелов Басшыбай Джексенбайұлымен кездесу ұйымдастырды. Тәрбие сағаты: «9 мая День Победы! Мы помним, мы гордимся» атты тақырыпта өтті .
Тәрбие сағаты соғыс жылдарынан қысқаша шежіреден басталып, әрң қарай оқушылардың биі, әні мен көрінісінен жалғасын тапты.
Өз кезегінде Басшыбай ата соғыс жылдарындағы балалық шағы жайлы қысқаша айтып берді: «Соғыс жылдарында еңбек еттік, жоқшылық көрдік, жан азабын тарттық» деп кеудемсоқтанып, ешкімге міндетсібедік. Соғыс басталғанда мен алты-жеті жастағы баламын. Өзім қатарлы балалармен шаруадағы аналарымыздың қасында еріп жүріп, қыста мал суарысып, малға пішен салысып, ауланың қарын күреп, үлкендерге қолғабыс беретінбіз. Пішен шабу науқанында бидай жинайтынбыз.
Соғыс зардабына жететін зардап жоқ шығар. Аш құрсақ болғанымыз да рас, жалаңаш болғанымыз да өтірік емес. Бірақ біз ондай-ондай қарын аштығына рухани тоқшылықты, киімнің жыртығына мақсат бүтіндігін қарсы қоя білдік», дей келе өскелең жас ұрпаққа адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын ескере кетті. Жас ұрпаққа ғылыми білім берумен қатар оларды адамгершілік-рухани жағынан нағыз адам етіп қалыптастырудағы ұстаздардың еңбегін зор бағалауды тапсырды.