30
апрель
2022
Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан
«Жібек жолы» мектеп-лицейінде «2022 – Балалар жылы» және 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын қалыптастыру, ұлттық қарым - қатынасын, халықтар достығын нығайтуға тәрбиелеу бүгінгі мерекенің ең басты мақсаты болды. Онда оқушылар Қазақстанда мекендейтін түрлі ұлт өкілдерінің киімдерін киіп, ұлттық билерін билеп, ән айтып, тақпақтар оқылды.
Ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында татулыққа, сыйластықта өмір сүріп жатқаны қазақ халқының пейілінің кеңдігі. Бүгінгі іс-шарамыз Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдеріне деген сыйластығымыз, құрметтілігіміз, парасаттылық пен имандылығымыздың айғағы.