Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аудандық семинары. » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аудандық семинары.
19
май
2022

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аудандық семинары.

"Жібек жолы мектеп-лицейінде" 2022 жылдың 17 мамырында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аудандық білім бөлімінің жоспарына сай "Сабақты зерттеу мұғалімнің оқыту тәжірибесін жетілдіру тәсілі ретінде "тақырыбында аудандық семинары өтті.Семинарды мектеп-лицейінің директоры А.Т.Джангарашева ,Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдіскері Э.М.Наурызбаева семинарға қатысушыларға сәттілік тілеп,ашып берді.Бағдарламаға сәйкес тренингтер,сонымен қатар "Исследование в действий" шеберлік сыныбын бастауыш сынып мұғалімі
Ж.К.Козыкорпешева өз тәжірибесімен бөлісіп,өз фокус тобындағы әріптестерімен жүргізіп жатқан зерттеу жұмысының жүргізілу барысы мен нәтижелерімен таныстырып өтті.Бастауыш сынып мұғалімдері:
Асқар А,Жуманияз А.Ж,Шапкина Н.Н,Ибраева Г.И ашық сабақтарын жоғары деңгейде өткізді.Семинар соңында семинарды ұйымдастырған,
қатысқан мұғалімдер сертификатпен марапатталды.