«Оқу мен оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, білім сапасын арттыру жолдары» тақырыбындағы семинар » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқу мен оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, білім сапасын арттыру жолдары» тақырыбындағы семинар
18
март
2021

«Оқу мен оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, білім сапасын арттыру жолдары» тақырыбындағы семинар

2021 ж.17 наурызы күні «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ базасында ZOOМ платформасы арқылы аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты: «Мұғалімдердің деңгейлік бағдарлама бойынша оқыту мен оқудағы білім сапасын көтеруге бағытталған тәжірибелерімен бөлісу». Шараға ауданымыздың мектеп басшылары мен директорлардың орынбасарлары қатысты. Семинарға мектеп әкімшілігі тарапынан А.Толеуова мектеп жұмысын жоспарлау мен дамыту барысында қолданылатын мемлекеттік құжаттар мен білім стандартын басшлыққа ала отырып мектеп жұмысының жүргізілетіне тоқталып өтсе, А.Жолшыбек мектептегі білім сапасын көтеруге бағытталған жұмыстарға тоқталып, мектепішілік бақылауға асынған сыныптар, оқушылар мен жеке пәндердің жұмысы туралы мәлімет беріп өтті. Р.Ордабаева тәрбие орталығының барлық мүшелерінің бақылауға алынған жеке оқушылар мен сыныптарға нәтижеге бағытталған жұмыстарының жүйесімен таныстырджы. Ал, мектепішілік «Ізденіс» тобының жетекші Д.Бошанова зерттеу бөлімінде мектептегі деңгейлік мұғалімдердің өзара бірлесе жүргізіп жатқан зерттеу жұмыстарымен мектеп ұжымының тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар ІІ бөлімнен болды.1-ші бөлімінде теориялық ақпарат берілсе, 2-ші бөлімінде мектептің деңгейлік курстарынан өткен және педагог-шебер мұғалімдері білім сапасын көтерудегі өз тәжірибесімен бөлісті. Атап айтсақ, Козкорпешова Ж.К., Дулатова Т.С., Хаджиева А.С. , Адамбекова Л.Т., Джанкиева Б.Х., Момбекова А.Т., Даулбаева М.О. және мектеп психологы Джуманбаева Ж.
Семинар соңында аудан мектептерінің басшылары мен директор орынбасарлары шараның өткізілуіне кері байланыс берді.
«Оқу мен оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, білім сапасын арттыру жолдары» тақырыбындағы семинар