Ағылшын тілі пәнінен аудандық семинар » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ағылшын тілі пәнінен аудандық семинар
04
март
2020

Ағылшын тілі пәнінен аудандық семинар

04.03.2020ж. «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ базасында ағылшын тілі мұғалімдері арасында «Ағылшын тілі сабағында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың жолдары» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастарылып өткізілді. 


Семинардың мақсаты: Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында ағылшын тілі сабағында инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білу шеберлігін арттыру.
Семинарға қала және ауыл мектептерінен келген 22 ағылшын тілі мұғалімдерін мектеп директоры А.Джангарашева мен аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Аманжол осы іс-шараның семинар бағдарламасымен таныстырып өтті. 
Ашылу салтанатынан кейін барлық мұғалімдер А.Суйрбекованың 8"A” сыныбымен өткен«Travelling»тақырыбындағы АКТ-ны, ойын технологиясы және пәнаралық байланысты қолданып өткізген ашық сабағына қатысты. Оқушылар өздерінің пәнге деген қызығушылығы мен терең білімдерін көрсете білді.Келесі ашық сабақ «The legendEr Tostik» тақырыбында сабағымен6 «A» сыныбында А.Мамырбаева өткізді. 
Осы семинардың жалғасы ретінде Харькова С.П. «CLIL Methodology» тақырыбында шебер сынып өткізіп арнайы, алғыс хатпен марапатталды.
Мектеп оқушылары семинар соңында "Sounds of Spring”концерттік бағдарлама көрсетіп, акт залында семинарды қорытындыланып, кері байланыс жүргізілді. Семинар іс-шараларына қатысқан мұғалімдер пудандық білім бөлімі басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.