Аудандық семинар » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Аудандық семинар
12
май
2022

Аудандық семинар

"Оқушылардың функционалдық сауаттылығын биология,химия сабақтарында арттыру жолдары және экологиялық тәрбие беру үдерісі" аудандық семинары.

"Жібек жолы мектеп-лицейінде " 11 сәуір күні "Оқушылардың функционалдық сауаттылығын биология,химия сабақтарында арттыру жолдары және экологиялық тәрбие беру үдерісі" тақырыбында жоспарға сай аудандық семинары өтті.Бағдарламаға сәйкес келген қонақтарға мектеп-лицейі директоры Джангарашева А.Т. және білім бөлімінің әдіскері Сержанкуль Аметқызы семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.Іс шарамыз "Жақсы көңіл күй" психологиялық тренингімен басталып ,"Биология сабағында жаңа технологияларды қолдану" шеберлік сыныбын А.С.Хаджиева өткізсе,"Жас химик", "Жас биолог","Жас эколог "үйірме жетекшілері,
биология,химия пәнінің мұғалімдері М.Омарова,
Н.Джумабаева,
Е.Айтмағамбетова "Экологиялық тәрбие беру үдерісі"
жобаларының жүзеге асырылуы бойынша мектеп-лицейіндегі Экологиялық мұражай жұмысына таныстырылым жасады,
оқушылардың шығармашылық жұмыстары мен макеттер бөлімдеріне саяхаттап өтті.
Сонымен қатар үйірмелерге қатысатын оқушыларымыздың оқу жылындағы ғылыми жобаларға қатысып жүлделі орын алған
оқушылар Ж.Бетбай мен Ш.Ғаниқызы ғылыми жобаларын практикалық түрде қорғап таныстырды. Биология пәнінің мұғалімі Г.Темирбекова "Құрсақта даму .Ұрықтық дамудың алғашқы кезеңдері.Ұрықтың қалыптасуы мен дамуы" тақырыбында ,химия пәнінің мұғалімі
У.С.Тусипова "Алкиндер" тақырыбында ашық сабақтарын өткізді.Семинарға қатысушылар білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытудағы іс-тәжірибесімен ,
биология,химия сабақтары арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие беру үдерісінің тиімді жолдарымен танысты.