№1 директор жанындағы кеңес » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
октябрь
2020

№1 директор жанындағы кеңес

2020ж. 8-ші қазанында кезекті директор жанындағы кеңес өткізілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Оқушылардың оқулықтармен қамтылу жағдайы;
2.Тіл мерекесінің жүргізілу нәтижесімен таныстыру;
3. 9,11 сынып оқушыларының оқу-еңбекпен қамтылуы;
4. 1-11 сынып оқушыларының денсаулық паспорттарының жүргізілуі.
Жоспарлы кеңестің күн тәртібімен мектеп директорының ОТІЖО Г.С.Джумагулова таныстырып, баяндамашыларға сөз берді. Кеңес ZOOM платформасында өткізілді. Жалпы 75 мұғалімнің 60-ы қатысты. Кеңес отырысына бастауыш сынып мұғалімдері қатысқан жоқ, себебі кезекші сынып мұғалімдері оқу процесін бұзбай, сабақтарын кестеге сәйкес өткізді.
1-ші сұрақ бойынша оқушылардың оқулықтармен қамтылу жағдайы туралы мектептің кітапхана меңгерушісі Сүйімбаева Жамиля сөйледі. Өз сөзінде мектеп-лицей оқушылары 100 % кітаптармен , ал ұстаздар жаңартылған әдістемелік нұсқаулықтармен қамтылғанын айтты және кітапхана қорында 30 мыңнан астам оқулықтармен көркем әдебиет кітаптар, кітапшалар, журналдар барын айтты.
2-ші сұрақ бойынша 9,11 сынып оқушыларының оқу-еңбекпен қамтылуы туралы ДОІЖО А.А.Жолшыбек айтты. 2019-2020 оқу жылында 35 түлек мектеп қабырғасын тәмамдады. Оның ішінде 5 оқушы мектепті «Алтын белгі » төс белгісімен, 4 оқушы Үздік аттестат иегері болды. 34 оқушы ЖОО және түрлі колледждерге түсті, ал 1 оқушы – Орлова Виктория жұмыс істейді. Барлық түлектердің жұмыспен қамтылған анықтамалары бар және аудандық білім бөлімінің әдіскеріне тапсырылды.
3-ші сұрақ бойынша Тіл мерекесінің жүргізілу нәтижесімен таныстыруды кафедра жетекшісі Бегалиева Г.Т. алды. ( мәлімет тіркелді)
4-ші сұрақ бойынша 1-11 сынып оқушыларының денсаулық паспорттарының жүргізілуі туралы мектеп медбикесі Кусаинова Гаухар айтып шықты:
2020-2021 оқу жылының басында 1 сыныпқа 101 оқушы қабылданды. Барлық оқушы саны - 811. 1-11 сынып оқушылары медициналық тексеруден толығымен өткен. №063 ( профилактикалық егу), №026 ( бала денсаулық паспорты) формалары толықтай толтырылған, барлығы түгел.

Күн тәртібіндегі сұрақтардың барлығы түгел қаралып, төмендегі шешім қабылданды:
1. Үлестірілген оқулықтармен жұмыс жүргізу, тазалық іс-шарасы кітапханашы Сүйімбаева Ж. Және көмекшісі Г.Атабаеваға жүктелсін.
2. Келесі оқу жылына сыныптарда бала санының өсу барысын ескеріп, аудандық білім бөліміне оқулыққа сұраныс беру кітапхана меңгерушісі Ж.Сүйімбаеваға міндеттелсін.
3. 9,11 сынып оқушыларының оқу – еңбекпен қамтылу жұмыстары оқу бөлімі тарапынан қадағаланып, бақылауға алынсын.
4. Тіл туралы Заңның орындалуын жүзеге асыру жұмыстары әрі қарай жалғастырылсын.
5. Қазақстан Республикасы Халықтарының тілдері мерекесіне орай өткізілген апталық қанағаттанарлық деңгейде деп есептелінсін.
6. 1 сынып пен 11 сынып аралығындағы оқушылардың денсаулық паспорттарының толтырылуы үнемі қадағалансын.