Физикадан ғылыми жоба: Біздің айналамыздағы диффузия. » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Физикадан ғылыми жоба: Біздің айналамыздағы диффузия.
06
февраль
2017

Физикадан ғылыми жоба: Біздің айналамыздағы диффузия.

Физикадан ғылыми жоба: Біздің айналамыздағы диффузия.орындаған: Сатылған Бекжан 7А сынып оқушысы.
жетекшісі: Жақаев. М. жоғары санатты физика-информатика мұғалімі.
Физикадан ғылыми жоба: Біздің айналамыздағы диффузия.
Кіріспе
Біздің айналамыздағы адамдар, өсімдіктер мен жан-жануарлар, Жер мен Ай, Күн мен жұлдыздар әлемі табиғат деген ұғымды білдіреді.
Адам - табиғаттың бір бөлшегі. Халқымызда «Жер-Ана» деген қосырланған ұғым қалыптасқан. Жерді Анасына, Анасын күнге теңеу салтымызда бар. Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жаңбыр жауғанда кемпірқосақтың пайда болуы, найзағайдың ойнауы, судың булануы немесе мұзға айналуы, қардың еруі табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді. Аспан денелерінің үнемі қозғалып, орын ауыстыруы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайқалып өсуі, өзен мен көлдердің тартылып суалуы-осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.
Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Табиғат құбылыстарын физика, астрономия, география, геология, биология сияқты ғылымдар зерттейді. Әрбір ғылымның табиғатты зерттеу жөнінде өз мақсаты, өз әдістері бар. Мысалы, физика негізінен механикалық, жылу, электр, жарық құбылыстарына ерекше мән береді. Осы құбылыстардың бәрі физикалық құбылыстар деп аталады.
Физика - табиғат туралы ғылым ретінде алғаш рет гректің ұлы ойшылы, тарихта «бірінші ұстаз» аталған Аристотельдің шығармаларында баяндалды. «Физика» грекше фюзис-табиғат дегенді білдіреді. Бұл сөздің ғылыми мағынасын байытуда тарихта «екінші ұстаз» аталған біздің ұлы бабамыз - Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбегі зор.
Физиканы және басқа пәндерді оқып үйрену барысында әр түрлі ғылымдардың өзара қандай байланыста болатынын білеміз. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайда болатынын түсіндіру үшін қолданады. Биологияда физика заңдарын пайдаланып, хайуанаттардың жер бетінде, балықтардың су ішінде қалай қозғалатынын түсіндіреді. Олардың дыбысты қалай шығарып әрі еститінін және көру мүшелерінің құрылысы қандай екенін сипаттайды.
Физика заңдары мен құбылыстарын көптеген мамандар, мысалы, инженерлер, конструкторлар, дәрігерлер, агрономдар, конструкторлар пайдаланады.
Ғалам кеңістігінде не бар болса, соның бәрі материя деп аталады. Материяға өсімдіктер, жануарлар, планеталар, Ай, Күн, жұлдыздар да, сондай-ақ әртүрлі денелерде, оларды құрайтын әр алуан заттар да жатады.
Материя зат пен өрістен құралады. Зат өте ұсақ бөлшектерден тұрады. Заттадың өзі де, оны құрайтын бөлшектер де бір-бірімен өріс арқылы қарым-қатынас жасайды. Заттардың ұсақ бөлшекктерден тұраттынын диффузия құбылысы арқылы зерттедім.
                          
*****