Математика-5. Жай бөлшектерді көбейту » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
январь
2017

Математика-5. Жай бөлшектерді көбейту

 Мейман Ақжан - математика мұғалімі. 

Күні:13.01.2017жыл

Пәні: математика
Тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейту
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Жай бөлшектерді көбейтуді үйренеді, аталған тақырып бойынша есептер шығарады, жай бөлшектер тақырыбын тереңдетеді.
Дамытушылық:
Жаңа тақырыпты оқушылар өздері меңгере отырып оқушыларға түсіндіреді, өз бетінше еңбектене отырып, белсенділіктерін арттырады.
Тәрбиелік:
Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, жылдамдыққа, топпен бірлесе жұмыс жасағанға, бір-бірлерін әділ бағалауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: презентация, түрлі тапсырмалар.  Презентациясын көшіріп алыңыз:   Telefon.rar [1,4 Mb] (cкачиваний: 13)
Оқытудың әдісі: сұрау - жауап, түсіндіру, есептер шығару

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі :
А) Оқушыларға «телефон» ойынын ойнату (тренинг)
Ә) Оқушыларды топпен отырғызу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Кім жылдам?
Өткенге қайталау сұрақтары мен есептері.
Математика-5. Жай бөлшектерді көбейту
1. Натурал сан дегеніміз не?
2. Дұрыс бөлшек дегеніміз не?
3. Бұрыс бөлшек дегеніміз не?
4. Дұрыс бөлшек пен бұрыс бөлшекке мысалдар келтіріңдер
5. Жай сан дегеніміз не?
6. Құрама сан дегеніміз не?
7. Аралас сан дегеніміз не?
8. Бөлімдері бірдей жай сандарды қалай қосамыз?
9. Аралассандарды қалай қосамыз?
10. Бөлімдері әртүрлі аралас сандарды қалай қосып азайтамыз?
11. Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қалай салыстырамыз?
12. Алымдары бірдей жайбөлшекті қалай салыстырамыз?
13. Натурал санды аралас сан түрінде жазуға болады ма?
IІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. (оқушылармен бірге жаңа тақырыптың атын ашып алу)
1 топқа /І жағдай Бөлшекті бөлшекке көбейту тақырыбы
Постерге анықтамасын жазады, әріппен берілуін жазады, 3 мысал келтіреді
2 топқа ІІ жағдай Бөлшекті натурал санға көбейту тақырыбы
Постерге анықтамасын жазады, әріппен берілуін жазады, 3 мысал келтіреді

3 топқа ІІІ жағдай Аралас сандарды көбейту
Постерге анықтамасын жазады, әріппен берілуін жазады, 3 мысал келтіреді

ІҮ. Оқулықпен және тақтамен жұмыс «Алғырлар»


№ 1076 Сыныппен ауызша есептеу

№1077 -1080 есептерді тақтаға щығару