Химия-9. §37,38 «Кальций және оның қосылыстары». » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Химия-9. §37,38 «Кальций және оның қосылыстары».
01
февраль
2017

Химия-9. §37,38 «Кальций және оның қосылыстары».

Болғанбаева Бағдат жоғары санатты химия мұғалімі.
Сабақ ұстанымы:
«Естігенімді ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, ал өз ақыл-ойыммен істеген ісімді түсінемін, ұмытпаймын».

Сабақ міндеттері:
Білімділік:
а) периодтық жүйедегі орны бойынша кальций атомының құрылысы, қасиеттері, оның қосылыстары, күнделікті өмірде қолдану салаларымен таныстыра отырып, алған білімдерін жадында сақтау, ойлау қабілетін дамыту;
ә) тіл шеберлігін, білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын арттыру.
Дамытушылық: Химиялық заттармен жұмыс істей білу дағдысын дамыту, өмірден көрген деректерді пайдалана білуіне және оны түсініп, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Химия пәні талап ететін ұқыптылыққа, үнемдеуге, төзімділікке, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: техникалық құралдар – интерактивті тақта; химиялық құралдар – спиртшам, ұстағыш, кәрден табақша, қасық; химиялық реактивтер – әк, ғаныш, су, қышқыл және тұз ерітінділері. Көрнекілітерін көшіріп алыңыз:

Сабақ түрі: дәстүрлі емес зерттеу сабақ.
Әдіс-тәсілдер: сын тұрғысынан ойлау – СТО элементтері;
Пән аралық байланыс: физика, биология, география.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Амандасу;
2) Психологиялық дайындық;
3) Топқа бөлу;

Қунамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым
Арайлап атқан Күнге

Өмірі жайлы

ІІ. «Миға шабуыл». «Сұрақтарға жауап беру» №1 слайд

« ? » деген күміс түсті металмын
Өмір бойы керегіңе жете алдым
Менмін – ақ бор, әктас, мәрмәр, ғанышпын,
Тіршілікке қажет металл аталдым.
Қыртысында жердің мен де кездесем
Артық болмас «Жер металы мен десем»
Ғарыштағы ракета да ұшақтан,
Қолтаңбамды табасың сен іздесең.
Жануардың бақалшығы, қаңқасы,
Жер бетінің минералы, әр тасы.
Сан құрылыстың сәулеті негізгі
Қаланады менен ғана! Ойланшы?!

ІІІ. №2 слайд көрсетіледі.
І. Топқа тапсырыс – кальций элементінің құрылысына тоқталып, кальций металының физикалық және химиялық қасиеттеріне тоқталу.
Тәжірибе көрсетіледі.
№1 тапсырманы орындау – барлық топқа.

1) Са+S→ 4) Ca+O2→
2) Ca+Se→ 5) Ca+HCl→
3) Ca+H2→ 6) Ca+H2O→

Қорытынды жасау – әр топ оқушылары. Са – қандай металл?

ІІ. «Медицина жайлы» - №2 топ
Са-дың адам ағзасында қандай маңызы бар?
№3 слайд көрсетіліп, бар топқа Са жетіспеушілігінен қандай аурулар туындайды?
«Сүйек және кальций» тәжірибе көрсетіледі.
Қорытынды жасайды.

ІІІ. Тағам туралы – сүт өнімдерін пайдалану қажет па? – ІІІ-топ зерттеу жасайды. Қай тағамда кальций көп? – орын беру, №4 слайд.

IV. «Отбасы – ошақ қасы» - жайлы.
«Кальций қосылыстары тұрмыста» №5 слайд арқылы IV-топ зерттеу жұмысын қорғайды. Тәжірибе көрсетеді.
1) СаО+Н2О→
2) Ғанышты пайдалану;
3) Алебастрды пайдалану;
Бекіту үшін: №6 слайд.
Барлық топқа №2-тапсырма берілді.
СаО→Са(ОН)2→СаСО3→Са(НСО3)2→Са(ClO)2
№3-есеп – тотығу дәрежесі +2-ге тең 8г металл сумен әрекеттескенде 4,48л сутегі (қ.ж.) бөлінді. Металдың Ar анықтап, оны атаңыз.
Шешуі:
Me+2H2O→Me(OH)2+H2

Хг 22,4л
8г 4,48л

х/8=22,4/4,48

х=8•22,4/4,48=40г

Ar(Me)=40 Me – Ca-кальций

IV. РАФТ-әдісі әр топқа роль-кальций, сүйек, сүт өнімдері; -түсінік хат, арыз, сенімхат жазып автор орындығында оқиды.

V. INSERT кестесін толтыру.

VI. Бағалау.
А – 5, Б – 4, С – 0, Д – 0 критерийлері арқылы бағалау.

VII. Кері әсер парағы.
1. Бүгін мен не үйрендім?
2. Маған не ұнады (ұнамады) ?
3. Қандай қиыншылықтар болды?
Оқушылар өздерін бағалай отырып, өз пікірлерін жазады.
Үйге тапсырма беру. §37,38 – оқу; №10,11-есеп өзіне ұнаған тақырып бойынша эссе жазу (50 сөзден кем болмау керек).