Информатика-9. Модель. Модельдеу түсінігі » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
январь
2017

Информатика-9. Модель. Модельдеу түсінігі

 Сураншиева Эльмира. Информатика мұғалімі. 

 Сабақтың тақырыбы Информатика-9. Модель. Модельдеу түсінігі

Мақсаты Модель және модельдеу мәнін анықтайды.
Оқу нәтижелері Тақырып бойынша білімі мен түсінігін көрсетеді. Модельдеуге сыни шолу жасайды
Дереккөздер «Информатика» 9 сынып. Кирнос, «Программалау тілінде есептер жинағы», «Информатика негіздері» журналы
Сабақ барысы Уақыты Әдіс-тәсілдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау (формативті, суммативті)
І. Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық ахуал) 3 минут Топқа бөлу Сәлеметсіздер ме, оқушылар? көтеріңкі көңіл-күй тілеймін. (сынып оқушыларын түгелдеймін). Нөмерлеу арқылы оқушыларды топқа бөлу әрекетін орындаймын.
(Осыдан үш топқа бөлінеді, Алтын ережемен таныстырып өтемін).
1. Сабақтан кешікпеу;
2. Тәртіпті болу;
3. Достық қарым-қатынас;
4. Бірлік;
5. Бірін-бірі тыңдау;
6. Қолдау көрсету;
7. Белсенді болу;
8. Уақытты үнемдеу;
9. Позитивті ойлау;
10. Өзін-өзі бағалау. Нөмерленген қағаздарды алып өз тобын анықтайды.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 5 минут «Құпия сұрақ» «Графика» тақырыбы бойынша сұрақтар түрлі геометриялық фигураларда жасырылады.
1. Graph модулі қандай қызмет атқарады?
2. Суреттің ағымдағы түсін беретін функция
3. Графикалық режимге ауысу әрекеті
4. Ағымдағы палитраның өлшемін беретін функция
5. Экран бетін тазалайтын функция
6. Жаңа файл ашу үшін орындалатын командалар Әр топ кезекпен сұрақ таңдау мүмкіндігіне и болып жауап беріп отырады. Формативті (оқу үшін бағалау)
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық 4 минут «Логикалық тапсырмалар»
Ойлау қабілетін жетілдіретін логикалық тапсырмалар жасырамын.
1) Бір баланың жасы үш жылдан соң бұрынғы жасынан 2 есе артық болады. Ол қанша жаста? (үште)
2) Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км. жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? (15 км/сағ)

3) 5 адам кездесіп қалып бір – бірімен қол алысып амандасты. Барлығы қол алысу саны қанша? (10)
4) Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағ. 20 минут ұшады, ал кері 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең) Тапсырмаларға жауап береді. Формативті (оқу үшін бағалау)
IV. Жаңа сабақ 13 минут Жигсо әдісі Оқушыларға Модель тақырыбында мәтін таратып беремін.
Мәтін:
Модель термині көп мағыналы:
-нысанның қарапайым көшірмесі;
-заттың кішірейтілген түрі;
-табиғатта, қоғамда болып жатқан кейбір құбылыстарды, үдерістерді сызба, сурет немесе сипаттау түрінде көрсету;
-жұмыс істеу өлшемдері нақты нысанның жұмыс атқару өлшемдеріне ұқсас физикалық немесе ақпараттық аналог болып табылады.
Модель – нысанның, құбылыстың, үдерістің кейбір ерекшеліктерін сипаттайтын көрсетілім.
Әртүрлі нысандар мен құбылыстар модельдер көмегімен оқытылады. Алғаш модель арнайы типтегі материалдық нысандар ға ғана кемелер мен ұшақтардың, жануарлардың модельдері ретінде қалыптасты. уақыт өте нақты нысандар жасанды сызбалардың, суретттердің, карталардың моделдік ерекшеліктері арқылы сипаттала бастады.
Модель – өмірде нақты түрде кездесетін немесе елестетуге болатын нысандарды түрлендіру нұсқасы.
Модельдеу – модельді құру және зерттеу үдерісі. Ғылымда тағы да бір модель түрі бар ол: идеалды модель – материалды нүкте, абсолютті қатты дене, математикалық тербеліс, идеалды газ, шексіздік, геометриялық нүкте т.с.с.
Модельдеу дегеніміз – нысан құбылыстарын, үдерістерін немесе жиындарының моделін құру мен зерттеу тәсілі. Бір нысанға қолдану мақсатына қарай сан алуан модель құруға болады, әртүрлі нысандарды бір модель арқылы сипаттауға болады. Модельдің негізгі қасиеттері:
-бейімділік;
-дәлдік;
-құндылық.
Мәтінмен жұмыс жасайды, өзара талқылайды, ортаға салады.

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз 9inf_Modeldeu.doc [85 Kb] (cкачиваний: 94)
Посмотреть онлайн файл: 9inf_Modeldeu.doc