Шу қаласы "Жібек жолы" мектеп-лицейіндегі оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру туралы » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Шу қаласы "Жібек жолы" мектеп-лицейіндегі оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру туралы
05
февраль
2020

Шу қаласы "Жібек жолы" мектеп-лицейіндегі оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру туралы

Шу ауданы әкімдігінің
білім бөлімінің басшысы
 У.Бименбетовке
Шу қаласы "Жібек жолы" мектеп-лицейіндегі оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру туралы І-жарты жылдық есебі
2019-2020 оқу жылы
Мақсаты: аз қамтылған оқушылардың әлеуметтік жағдайларын анықтау арқылы ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру.
"Жібек жолы" мектеп-лицейінде 2019-2020 оқу жылында мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері мен әлеуметтік педагог оқушылардың әлеуметтік жағдайын анықтап, жетім, аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасынан шыққан оқушылардың тізімі бекітілді. Тізім бойынша № бұйрық шығарылып, қыркүйек айынан бастап "Жалпыға бірдей оқумен қамту" қоры есебінен аз қамтылған 37 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. 2019-2020 оқу жылының қыркүйек айында ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмысының жылдық жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Мүмкіндіктері шектеулі, ата-ана қамқорынсыз қалған балалар, көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларды категория бойынша тізімдерін алып, тегін ыстық тамақпен қамтылды.

Жалпы оқушы саны 733
Тегін ыстық тамақпен қамтылғаны 37


Мектеп асханасында кезекшілік жасалған. Оқушылардың тамақтану кестесі құрылған.
Аз қамтылған отбасынан шыққан 37 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылады. Тегін ыстық тамаққа қамтылған аз қамтылған оқушылардың құжаттары реттелді.
Бір мезгілде асханада бірінші ауысымда 12 оқушы, екінші ауысымды 27 оқушы тамақ ішеді.
Асханада 50 орындық, 10 үстел және құрал-жабдықтар:
3-тоңазытқыш, 1- электр плитасы жұмыс істейді. Мектептің пищеблок туралы паспорты бар.
Асхана қызметкерлерінің арнайы мамандық туралы құжаттары бар. Мектептің санитарлық жағдайы гигиеналық талаптарға сай.
"Жібек жолы" мектеп-лицейінде 2019-2020 оқу жылына іс-шара жоспары құрылды. Жоспарға сай, "Денсаулығыңды күтуге дағдылан", "Ас адамның арқауы", "Тамақ арқылы улану инфекциялары", "Дұрыс тамақтану ережелері" тақырыбында баяндамалар оқылды. Сонымен қоса жаднамалар таратылып, сауалнамалар алынды. "Дұрыс тамақтану" тақырыбында бейнероликтер көрсетілді. Жарты жылдық барысында жоспарға сай 3 баяндама, 1 сауалнама, 1 видеоролик көрсетілді. Баяндама оқу мақсаты, оқушылар арасында дұрыс тамақтануды насихаттау. Денсаулықты күту, күн тәртібін дұрыс ұстану, зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстау керектігі айтылды. Сонымен қатар адам өмірінде дұрыс тамақтану мен дене шынықтыру қаншалықты маңызды екені түсіндірілді. Адам денсаулығының мән-маңызына қазақ халқы ежелден көп көңіл бөлген; күнделікті өмірде денені күтіп ұстауға, тазалық сақтауға, дұрыс тамақтануға да өте қатты мән берген.


"Жібек жолы" мектеп-лицейі бойынша соңғы 3 жылдағы "Д" учеттағы оқушылар сапасы


Ас мәзірі СЭС-тің келісімімен бірге жасалған. Ыдыс-аяқтар 1% хлороминмен жуылады. Ауыз су режимі сақталады. Су құбыры орталықтандырылған. Мектептің санитарлық жағдайы гигиеналық талаптарға сай жүргізіледі. Медбикелердің жүргізетін бракераждық журналы шикі және піскен асқа жүргізіледі. Күнделікті бір күндік тамақтың сынамасы алынады.
2019-2020 оқу жылында дұрыс тамақтану туралы өткізілетін іс-шара құрылды. Соған байланысты әр түрлі іс шаралар өткізілді. І-жарты жылдықтың қорытындысы бойынша денсаулық туралы, дұрыс тамақтану ережесі туралы әр түрлі лекциялар оқылады. Сонымен қатар асханада ата-аналарға ашық есік күндері өткізіліп тұрады. Бракераждық топ мүшелері келген азық-түлікке АКТ жасайды. Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың тізімі Шу қаласы әкімімен бекітіліп, директормен келісілген. Тамақтану туралы айлық есептер аудандық білім бөліміне ай сайын уақтылы беріліп отырады.
2019-2020 оқу жылы І-жарты жылдық
1-4 сынып - 19 оқушы
5-9 сынып - 18 оқушы
Қамқорлыққа алынған -1
АСП- 23
Табыспен- 2
Алқа шешімі - 11


"Жібек жолы мектеп-лицейі" директоры: А.Т.Джангарашева