Жалпыға бірдей міндетті білім беруді қамтамасыз ету шараларына талдау » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жалпыға бірдей міндетті білім беруді қамтамасыз ету шараларына талдау
01
июль
2018

Жалпыға бірдей міндетті білім беруді қамтамасыз ету шараларына талдау

Жалпыға бірдей міндетті  білім беруді қамтамасыз   ету  шараларына  талдау

Жалпыға бірдей міндетті білім беруді қамтамасыз ету шараларына талдау

Мақсаты: Мектептің шағын учаскесіндегі балаларды және оқушыларды есепке алу, оқуға тарту, жалпыға бірдей білім берумен қамту.
Міндеті: Оқушыларды ыстық тамақпен қамту, мүгедек балаларды анықтау, оралман балаларды тізімге алу, тамыз, қаңтар, наурыз, мамыр айларында есеп жүргізу, мектептің шағын учаскесінде тұратын оқушыларды есепке алу, оқушыларды оқулықпен қамту, жағдайы төмен отбасыларды анықтау, барлық әлеуметтік топтардағы балаларды анықтау.
Жалпыға бірдей білім беру заңының орындалу барысы Республикалық 1 тамыз 30 қыркүйек аралығындағы «Мектепке жол» акцияларының және жалпыға бірдей білім берудің тамыз айындағы белгіленген аудандарды аралау айлығын жариялау және ұйымдастырудан басталды. Оқу жылының барысында «Қамқорлық» қайырымдылық және «Қайырымдылық керуені» акциялары ұйымдастырылып, оқушыларға (киім-кешек, кеңсе заттары) көмек көрсетіліп отырылды. Ондағы негізгі мақсат оқушыларды мектепке қамту. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушылардың ата-анасына көмек көрсету.
Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің мектепке толық қатысуын қамтамасыз ету және олардың Конституциялық құқығын толық іске асыру мақсатында және Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің бұйрығын негізге ала отырып, «Жалпыға міндетті оқу айлығын және «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы» бұйрығын негізге ала отырып «Жібек жолы мектеп – лицейі» КММ бойынша 2017 жылдың 03 тамызында жоғарыда аталған іс-шараларды орындау талапқа өткізілді. Бұйрыққа сәйкес жұмыс жоспарлары жасалып, жоспарға сәйкес іс-шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда:
- Мектептің барлық 10 шағын учаскесі бойынша жауапты 13 мұғалім бекітіліп, қайта аралау жұмыстары жүргізілді;
- Мөлтек аудандарды аралау барысында шағын мөлтек аудандардағы балалар мен жасөспірімдерді есепке алу жұмысы дәптерге жүргізіліп, басқа мектепте оқитын оқушы балаларды әр жауапты мұғалім өз дәптерлеріне бекітті;
-Аралау жұмыстары бойынша барлық өзгерістер базаға енгізіліп, талдау-сараптама жасалды.
Шағын мөлтек аудандардағы балалар мен жасөспірімдерді есепке алу жұмыстары барысында төмендегі жәйттер анықталды:
- Мектептің шағын мөлтек ауданындағы 0-18 жасқа дейінгі барлық балалар саны - 568 бала, оның 291-і қыз және жалпы саннан 458-і қазақ екені, оның 70-і балабақшаларға барады, 115-сі үйде тәрбиеленеді, 371-і орта мектепте, 3-і кешкі мектепте, ал 9-ы колледжде оқиды.
Мектеп жасындағы балалардың барлығы оқумен қамтылған.