"Жібек жолы" мектеп-лицейінің 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өткен қамқорлық акциясы » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Жібек жолы" мектеп-лицейінің 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өткен қамқорлық акциясы
12
февраль
2019

"Жібек жолы" мектеп-лицейінің 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өткен қамқорлық акциясы

"Жібек жолы" мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2019 жылдың 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өткен ""Қамқорлық" акциясы туралы мәлімет

Қазақстан Республикасының "Білім заңының" 1-ші тарау 6-баптағы 3-ші тармақтың 2-ші тармақшасы, 1 тарауы 8-баптағы 2-ші тармағы және 2017-2018 жылдық жоспарының Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2017 жылы 29 желтоқсандағы 1070 бұйрығы бойынша мектепке айлық іс-шара жоспары құрылып, бекітілді.
Айлық барысында мектеп жасындағы балалардың тиісті құжаттары тексерілді, 0-18 жас балалар аралығының есебі жасалынды. Мөлтек аудан бойынша 0-18 жас аралығындағы балалардың саны - 570 бала бар. оның ішінде мектеп жасындағылардың барлығы оқумен қамтылған, қамтылмағаны жоқ.
Мектебімізде 17 - аз қамтылған, 89 көп балалы отбасынан оқушылар оқиды, оралман оқушылар жоқ. Мөлтек аудандарға бөлінген 12 мұғалім рейдтер жасады. Мектеп бойынша оқушылардың сабаққа қатысу мониторингі жасалынды. Мөлтек аудандар бойынша, қоғамдық орындарда кешкілік рейдтер жүргізілді. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған 17 оқушы ыстық тамақпен қамтылуда. Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында ІІБ-нің қызметкерлерімен бірлескен жұмыстар жүргізілді. "Қамқорлық" акциясы барысында мектепте 1-10 сынып аралығында жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңкені оқушылар мен сынып жетекшілер бірге жақсы ұйымдастырды. Жиналған қаражатқа аз қамтылған жағдайы жоқ отбасынан шыққан оқушыларға көмек көрсетілді. Атап айтатын болсақ: Баймұхамет Мирас 5 "А" сынып, Баймұхамет Ілияс 3 "Ә" сынып, Амантай Дана 7 "Б" сынып, Амантай Шыңғыс 9 "А" сынып, Токтубулат Аяжан 5 "Ә" сынып, Әбдраим Тоғжан 9 "А" сынып, Әбдраим Даурен 6 "Б" сынып, Рахым Балжан 8 "Б" сынып, Ержанқызы Жанира 9 "А" сынып, Ерік Айбек 3 "Ә" сынып Осы аталған оқушыларға әр қайсысына 3000тг көлемінде кеңсе тауарлары беріліп, көмек көрсетілді. 3 "Б" сынып оқушылары Ғалымжанқызы Нұрбағым, Таңатар Әлия және 5 "Ә" сынып оқушысы Ғалымжанұлы Әлғани, 5 "А" сынып оқушысы Ержан Азаматқа қыстық күртешелер мен қыстық аяқ киімдер (60 000тг) берілді. 7 "Б" сынып оқушысы Мұрат Алина және 1 "А" сынып оқушысы Болатханов Нуриддин, 1 "Ә" сынып оқушысы Байбол Нұралиге спорттық шалбарлар (12 000) берілді. Акция барысында көрсетілген көмектің жалпы сомасы - 92 000тг (тоқсан екі мың теңге).
Айлық барысында "Жалпыға бірдей оқумен қамту" қорынан бөлінген қаржыға әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасынан шыққан 17 оқушыға кеңсе заттары мен киім және т.б. көмектер көрсетілді.
"Қамқорлық" акциясы барысында "Көмек ағашы" атты плакаттар галереясы ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.



"Жібек жолы" мектеп-лицейінің
директоры: А.Т.Джангарашева