"Жібек жолы мектеп-лицейі" КММ ІІ тоқсан бойынша ата-аналар қауымдастығы алдында өткізілген Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жібек жолы мектеп-лицейі" КММ ІІ тоқсан бойынша ата-аналар қауымдастығы алдында өткізілген Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы
27
январь
2019

"Жібек жолы мектеп-лицейі" КММ ІІ тоқсан бойынша ата-аналар қауымдастығы алдында өткізілген Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы

Өткізілетін күні: 12.01.2019
Өтетін орны: «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ 
Қатысты: 
1. «Жібек жолы» мектеп-лицейінің директоры Джангарашева А.Т.
2. Ата-аналар комитетінің мүшесі Қарсыбекова А. 
3. Қамқоршылық қызметінің төрайымы Бейімбетова Г.О. 
4. Шу аудандық полиция бөлімінің ЮПБ инспекторы полиция лейтенанты Тұрғынбек А.А. 
5. Шу аудандық полиция бөлімінің ЮПБ инспекторы полиция капитаны Жайлибеков Б.С. 
Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібі: 
1. Бірлігі мықты отбасы – бақытты болашақтың іргетасы!
2. «Білім мен тәрбие – егіз» 
3. Ата-ананың ынтымақтастығы арқылы бала тәрбиесін жетілдіру. 
4. Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы. 
5. Күнделік KZ – оқу процесінің цифрлендірілуі.
6. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық деңгейінің жоғары көрсеткішінің сақталуы. 
Баяндама жасады: 
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Бірлігі мықты отбасы – бақытты болашақтың іргетасы! Бала тәрбиесі – қиын да күрделі процесс. Біз баламыздың тәрбиелі де өнегелі болып өсіп, өз қатарының алды болғанын қалаймыз. Еліміздің көркейіп, өркениетті елдің қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді»,- деді мектеп директоры Джангарашева А.Т. Мектептің І жартыжылдық қорытындысы бойынша мектептің жетістіктеріне тоқтала отырып, отбасындағы бала тәрбиесі жайлы бейне роликтер көрсете отырып, ата-ана мен мектеп арасындағы байланыс жұмысы жақсы деңгейде қойылғандығы туралы айтты. 
Екінші мәселе бойынша ДОТІЖО Жолшыбек А.А. баяндады. Оқу жылының І жартыжылдығы бойынша білім сапасының қорытындысына толықтай мағлұмат берді. 
Ата-ананың ынтымақтастығы арқылы бала тәрбиесін жетілдіру тақырыбында ДТІЖО Ордабаева Р.Р. баяндады. Елбасы Н.Назарбаев «Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады» баяндамасында отбасының беріктігі, жұбайлардың бір-біріне ең бастысы, балаларының алдындағы жауапкершілігі де көп нәрсеге байланысты. Ата-аналар балаларына, ал балалары ата-аналарына қамқор болуға тиісті» екендігін жеткізді. ҚР-ның Контитутциясында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың құқығы әрі парызы деп көрсетілген» деді. 
Күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі ретінде «Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы» бойынша әлеуметтік педагог Д.М. Байтанаева баяндады. Баяндамасында мүмкіндіктері шектеулі, ата-ана қамқорынсыз қалған балалар, көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларды категория бойынша тізімдерін алып, тегін ыстық тамақпен қамтылатындығы айтылды. Мектепте жалпы оқушы саны 694, соның 17-сі тегін ыстық тамақпен қамтылады. Тегін ыстық тамаққа аз қамтылған оқушылардың құжаттары реттілді. 
Күнделік KZ – оқу процесінің цифрлендірілуі тақырыбы бойынша Л.Т. Каирлапова баяндамасында «Күнделік.kz» мақсаты мектеп-әкімшіліктің, ал оқушылар ата-аналардың бақылауында болуын жеткізді. Электронды журналды енгізу, электронды оқулықтар, баға қою үй тапсырмасы, сабақ кестесі, мектептегі жаңалықтар секілді қызметтерді ата-аналар күнделікті бақылауға болатынын, әрі соның дғдыға айналдыру қажеттілігін атап айтты. 
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық деңгейінің жоғары көрсеткішінің сақталуы тақырыбында Шу аудандық полиция бөлімінің ЮПБ инспекторы полиция капитаны Жайлибеков Б.С. өз баяндамасымен бөлісті. Баяндамасында Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі. Заңды, әлеуметтік пайдасы бар қызметке және қоғамға шынайы көзқарасын қалыптастырып, жас ұрпақты қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу заман талабы екенін нақты айтып өтті.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қоғамда балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі құқықтық актілерді қалыптастыру және жандандыру жұмысы үнемі жаңартылып тұрады. Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғышарты болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық жағымсыз құбылыстары әсер ететіндігін айта кетті. 
Жұртшылық өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары және ескертулері: 
Ұсыныстар және ескертулер жұртшылық тарапынан болған жоқ. 
Талқылау нәтижелері бойынша негізгі қорытындылар: 
Талқылау нәтижелері бойынша мектептің оқу тәрбие жұмысы жақсы деңгейге қойылған деп бағаланды. 
Қоғамдық тыңдаулар хатшысы: Жиренбаева К.Д. 

                                                  Мектеп директоры А.Т.Джангарашева                            


                                                    ДОТІЖО Жолшыбек А.А.


 

 

                                                              ЮПБ инспекторы полиция капитаны

                                                                   Жайлибеков Б.С.

                                               Программист: Каирлапова Л.Т.