Жаратылыстану айлығы: Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлері » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жаратылыстану айлығы: Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлері
07
февраль
2017

Жаратылыстану айлығы: Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлері

Бекболатова Эльмира тарих пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға халқымыздың игі дәстүрлерін, ізгі - қасиеттерін, инабаттылық, іскерлік дағдыларын, салт - дәстүрлерді бойларына сіңіру;
1. Білімділік: Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлері туралы кең көлемді мағлұмат беру.
2. Тәрбиелік: оқушыларды жан - жақты білімді болуға, салт - дәстүрді құрметтеуге, сақтауға, қонақжайлылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: ой - өрісін кеңейту, дүниетанымын, этика - эстетикалық талғамдарын, ойлау қабілеттерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, тірек кесте, слайдтар, суреттер, интерактивті тақта бойынша сабақ өткізу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сипаттау, салыстыру, сұрыптау, жинақтау, талдау, интерактивті, топтау стратегиясы, ойын элементтерін пайдалану, сұрақ - жауап, қызығушылықты ояту стратегиясы, топтық , жүптік жұмыс.
Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет, география, әдеп, музыка.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу
ІІ Үй тапсырмасын сұрау : Қажымұқан Мұңайтпасұлы (презентациясымен)Жаратылыстану айлығы: Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлері
Ал енді балалар интерактивті тақтаға назар аударайық
Бейне фильм : Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері
Осы бейнефильмнен қандай ой түйдіңдер ? Оқушылар өз ойларын ортаға салады
ІІІ. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: " Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері”
Ал балалар сабағымызға ортақ мақсат қояйық
1. Сабақтың мақсатымен және жоспарымен таныстыру.
Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлері».
Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлері қалыптасты. Қазақтардың әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындағы өзара қарым - қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Дәстүр - латынша жапсыру, жалғастыру - тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып отыратын
Оқушылардың ойын тыңдау . Қандай әдет-ғұрып салт-дәстүрді білесіңдер ?
1. Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет - ғұрыптары
2. Әдептілік пен сыпайылық әдет - ғұрпы
3. Жасы үлкендерге құрмет көрсету
4. Тамырлық және қоныс таңдау әдет - ғұрпы
5. Отбасы және неке саласындағы әдет - ғұрыптар мен салт - дәстүрлер
6. Бала тәрбиесі
Сергіту сәті . Бесік жыры ән айту

2. Мағынаны тану . ( Жұптық жұмыс ) слайд көрсетіліп отырады .
Мәтінмен жұмыс , постерге топтастыру . Әр топқа тарауларды таратып беріп әр топқа тапсырма беру .
I топ - Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет – ғұрыптары
I топ -. Әдептілік пен сыпайылық әдет - ғұрпы
II топ -. Жасы үлкендерге құрмет көрсету
II топ - Тамырлық және қоныс таңдау әдет - ғұрпы
III топ - Отбасы және неке саласындағы әдет - ғұрыптар мен салт - дәстүрлер
III топ - Бала тәрбиесі

3. Әр оқушыға жеке-жеке тапсырмалар беріледі. Берілген сөздердің мағынасын ашады.
1. Амандасу
2. Ат қою
3. Базарлық
4. Байғазы беру
5. Сарқыт
6. Сәлемдеме
7. Сүйінші
8. Ажырасу аяқ
9. Кіндік шеше
10. Үлкенге құрмет
11. Кім қалай аталады?
12. Соғым
13. Қалау
14. Сыбаға
15. Сый-сияпат
16. Асату
IV. Қорытынды жабық тест
1. Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын — сауық, той атауы -…. (шілдехана)
2. Нәресте туған сәтте оның кіндігін әйелдер(кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу — мәртебелі, абыройлы іс қалай аталады? Кіндік кесер(салт).
3. Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептелетін салт қалай аталады? Бесікке салу(салт).
4. Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. ол сәбидің жан — жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан салт қалай аталады? Қырқынан шығару(салт).
5. Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып
Тұсау кесер(салт)..
6. Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған ғұрып қалай аталады? Ат қою(ғұрып)
7. Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қою қалай аталады? Айдар(ғұрып).
8. Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны не дейді? Кекіл (ғұрып).
Бұрынғы заманда халық ізгі тілек, ақ бата арқылы мақсат-мұратқа жетуге болады деп сенген. Сондықтан халық "батаменен ел көгереді, жаңбырменен жер көгереді” деп даналық сөздері арқылы тұжырымдай отырып, үлкендерден бата алуды мұрат санаған. Мектебіміздің ақсақалы Нәжетханов Нұрсаған ағайдан бата сұраймыз Оқу оқып, ғалым бол,
Жанған оттай жалын бол.
Атың шығып халыққа,
Затыңменен мәлім бол!
Әділ шешер әр істі,
Ақылың асқан дана бол!
V. Бағалау:
VI. Рефлексия.
VII . Үйге тапсырма.1. Қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет - ғұрыптарын басқа халықтардың әдет - ғұрыптарымен салыстырып, қосымша материалдар жинақтау.
2. Ұмыт болған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер жайында біліп келу.