Microsoft Excel кестелік процессоры » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
январь
2017

Microsoft Excel кестелік процессоры

Раушан Қожахметова. Информатика мұғалімі. 
Күні: 20.01.2017 ж.
Сыныбы: 6 «А»
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel кестелік процессоры

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды Microsoft Excel кестелік процессорының толық мүмкіндіктерін таныстыру, программаны іске қосу және жұмыс кестесінің элементтері туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың білімділік, іскерлік дағдыларын арттыра отырып, олардың ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелігі: Жаңа тақырыпты түсіндіре отырып, оқушыларды шапшаңдыққа, ептілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: интерактивті тақта, компьютер, оқулық, практикум. 
Сабақтың презентациясы (pdf) 6_infExcel.pdf [1,62 Mb] (cкачиваний: 60)
Посмотреть онлайн файл: 6_infExcel.pdf      (zip - pptx) 
6_infExcel.zip [2,7 Mb] (cкачиваний: 8)
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ
IV. Компьютерде тәжірибелік жұмыс
V. Сабақты бекіту
VI. Үй тапсырмасын беру
VIІ. Бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі /2 мин/
- оқушылармен амандасу, түгендеу
- кезекші есебін тыңдау
- оқушыларды 2 топқа бөлу
Сабақ басталғаннан кейін оқушыларға бағалау парағы беріледі. Әр оқушының сабақтың кезеңдерінде өздерінің алған ұпайларын бағалау парағына жазып, соңында қорытынды баға шығарады.
Оқушының аты – жөні «Желпуіш әдісі» үй тапсырмасы Жаңа сабақ
«Бірін бірі оқыту» әдісі Компьютерде тәжірибелік жұмыс Сиқыр сан. сұрақ-жауап Құпия сөз сырын ашайық Жалпы балл

Microsoft Excel кестелік процессоры

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Желпуіш» әдісі /10 мин/
«Желпуіш» әдісі арқылы әр оқушы өткен сабақ бойынша сұрақтарды желпуіштің әр қатпарына жазып жанындағы оқушымен алмасады, сұрақтарға жауап береді.

ІІІ. Жаңа сабақ. «Бірін бірі оқыту» әдісі /10 мин/
«Бірін бірі оқыту» бұл әдіс тәсіл (мұғалім рөлінде).

Пуск+Все программа+ Microsoft Excel
Кестелік прцессор деп ақпаратты кесте түрінде өңдейтін арнайы программалар пакетін айтамыз.
Excel электрондық кестесі – ақпараттарды кесте түрінде өңдейтін және мәліметтерді өңдеуді автоматтандыруға арналған қолданба.
Excel-де мәліметтерді сақтау және өңдеу үшін қолданылатын негізгі құжат Кітап (жұмыс кітабы) деп аталады. Құжаттың кеңейтілімі - .xlsx.
Excel жұмыс кітабындағы жұмыс парақтарының саны компьютерлік жүйе ресурстарымен ғана шектеледі. әрбір жұмыспарағында 100000 аса жол және 16000 аса бағандар бар.

Microsoft Excel кестелік процессоры

 Microsoft Excel (2007) 2010 програмасын іске қосудың бірнеше тәсілі бар, Пуск+Все программа+ Microsoft Excel.

Microsoft Excel прогмасы іске қосылғаннан сон экранға терезесі ашылады.
Слайд

кестелердің ұяшықтарға бөлінуі қағазға басып шығарғанда көрінбейді әрбур жұмыс парағында беттің атын қоюға болатын өзінің жарлығы (ярлык) болады. ол үшін жарлыққа тінтуірдің оң жақ батырмасымен шертеміз, Атын өзгерту (жою, орнын ауыстыру немесе көшіру, қою, жасыру, қорғау және т.б.) командасын енгізу керек.
Слайд

«Лента» құрылымы
Слайд

Лента кем дегенде 9 негізгі тіркемеден тұрады:
• файл;
• негізгі; (главная)
• кірістіру; (вставка)
• бетті белгілеу (разметка страниц)
• формулалар;
• мәліметтер;
• рецензиялау;
• түр баптау.

Бет бойымен жылжыту үшін «жедел пернелер» қолданылады. Ол пернелер мен оның сипаттамасы
Слайд
Microsoft Excel кестелік процессоры
Слайд

 Excel-де сызбалар мен диаграммалардың алуан түрлерін оңай жасауға болады ( тоқсан қорытындысы, мал басы санының өсуі диаграммасы, т.б.)
 Excel-ді қарапайым пайдаланушылар элементар есептеулер
жүргізу үшін қолдана алады (отбасы бюджеті, ақшалай
қаражаттың кірісі мен шығысы).
Слайд

Қызықты мәлімет
1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. Олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сөзінен қысқартылған VisiCalk (Көрсеткіш калькулятор) деп атады. Сондықтан барлық электрондық кестелер бағдарламасы, оның ішінде Excel программасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты.

IV. Компьютерде тәжірибелік жұмыс /12 мин/

Жәрмеңкеден түскен түсімдер
1-тапсырма
1. А1 ұяшыққа - Тауар , А2 - тәтті тоқаш, А3 самса, А4 шырын, А5 тақтайша, А6 еден жуғыш, А7 орындық.
2. В1 ұяшыққа – Саны, В2 - 130, В3 - 130, В4-140, В5-50, В6-15, В7-10.
3. С1 ұяшыққа – Бағасы, С2-10, С3-10, С4-10, С5-50, С6-100, С7-200.
4. D1 ұяшыққа - Жалпы сомасы, D2-1300,D3-1300,D4-1400,D5-2500,D6-1500,D7-2000.
5. А бағанын көгілдір, В бағанын сары, С бағанын жасыл, D бағанын қызыл туспен боя. шыққан кестені ерекшеле.

Слайд

2-тапсырма
Кезекшілік кестесі орында:

Оқушының
аты-жөні Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма Сенбі
1.Аманжол Ернар
2.Амантай Дана
1.Елеукен Ару
2.Жұмабек Б.
1.Мұрат Алина
2.Мұса Илияс
1.Сәби Нұрәділ
2.Тойшан Бекнұр
1.Сарсенбай А.
2.Шәбденбек У.
1.Каримова Аяна
2.Самбекова Асел

Құпия сөздің сырын ашайық
К Ұ Я Ш Д И
І Т А Ы Қ А
Ф О П Л А Г
Б Р М У А Р
Е Т Т Е М А
К Е С А М Т
К Ұ Я Ш Д И
І Т А Ы Қ А
Ф О П Л А Г
Б Р М У А Р
Е Т Т Е М А
К Е С А М Т

V. Сабақты бекіту.
Сиқырлы сан. Сұрақ- жауап
1. Microsoft Excel кестелік процессорын қалай іске қосамыз?
2. Microsoft Excel кестелік процессорын іске қосқаннан сон не ашылады?
3. Кестелік процессор дегеніміз не?
4. Excel кестесі дегеніміз не?
5. Құжаттың кеңейтілімі қалай болады?
6. Жұмыс беті неден тұрады?
7. Ұяшық деген не?
8. Парақтың атауын қалай өзгертеміз?
9. Лента құрылымы неше тіркемеден тұрады?
10. Бір ұяшық оңға орын ауыстыру үшін қай пернені басамыз? /tab/
11. Бір ұяшық төменге орын ауыстыру үшін қай пернені басамыз? /Enter/
12. Бір ұяшық солға орын ауыстыру үшін қай пернелерді басамыз? /shift+tab/

Кері байланыс
«Кемпірқосақ»
1. Сабақты жақсы түсіндім.
2. Орташа түсіндім
3. Мүлдем түсінбедім

VI. Үй тапсырмасын беру
Microsoft Excel кестелік процессоры тақырыпты оқу және сынып туралы мағлұматты кестеге жазып келу.

VIІ. Бағалау
IV. Компьютерде тәжірибелік жұмыс

Жәрмеңкеден түскен түсімдер
1-тапсырма
1. А1 ұяшыққа - Тауар , А2 - тәтті тоқаш, А3 самса, А4 шырын, А5 тақтайша, А6 еден жуғыш, А7 орындық.
2. В1 ұяшыққа – Саны, В2 - 130, В3 - 130, В4-140, В5-50, В6-15, В7-10.
3. С1 ұяшыққа – Бағасы, С2-10, С3-10, С4-10, С5-50, С6-100, С7-200.
4. D1 ұяшыққа - Жалпы сомасы, D2-1300,D3-1300,D4-1400,D5-2500,D6-1500,D7-2000.
5. А бағанын көгілдір, В бағанын сары, С бағанын жасыл, D бағанын қызыл туспен боя. шыққан кестені ерекшеле.

2-тапсырма
Кезекшілік кестесі орында:

Оқушының
аты-жөні Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма Сенбі
1.Аманжол Ернар
2.Амантай Дана
1.Елеукен Ару
2.Жұмабек Б.
1.Мұрат Алина
2.Мұса Илияс
1.Сәби Нұрәділ
2.Тойшан Бекнұр
1.Сарсенбай А.
2.Шәбденбек У.
1.Каримова Аяна
2.Самбекова Асел