Қазақ бала тәрбиесіне қатысты «Тәрбие- тал бесіктен» деген сөзді бекер айтпаған. » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақ бала тәрбиесіне қатысты «Тәрбие- тал бесіктен» деген сөзді бекер айтпаған.
08
декабрь
2023

Қазақ бала тәрбиесіне қатысты «Тәрбие- тал бесіктен» деген сөзді бекер айтпаған.

Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы
Қазақ бала тәрбиесіне қатысты «Тәрбие- тал бесіктен» деген сөзді бекер айтпаған. Даналығы мен даралығын, тәрбиесі мен өнегесін өсиет сөздерге сыйдырған халқымыз бұл мәселеге ерекше мән берген.
        Баланың ақылды, әдепті болып өсуі- ата-ананың мерейі. Қоғам бала тәрбиесінде алшақ қалмай, мектеппен бірге қимыл жасау керектігін уақыт дәлелдеуде.
Ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға ықпал ету,  кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық жасаудың алдын алу шараларын ұйымдастыру мақсатында 2023  жылдың  7 желтоқсан күні Жібек жолы мектеп-лицейінде ата-аналар жиналысы өтті. Шу ауданы әкімінің орынбасары Сұлтанбаев Найман Кенжеханұлы, Шу ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Қойториев Дінмұхамед Лашынбайұлы, Шу ауданы білім бөлімінің әдіскері Асқарбек Айғаным ханымның қатысумен өткен ата-аналар жиналысына мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшелері мен мектепішілік ата-аналар төрайымы Омарбекова Азиза Шайдулиновна шақырылды. 
            Жиналысты мектеп директоры Г.Тұрлыбек жүргізді. Жиналысқа қатысушылар көтерілген мәселеге қатысты терең ой қозғады. Жиналыс соңында    қонақтар ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, күн тәртібіндегі қаралған мәселені қорытындылады.

Похожие публикации: