«Қиын бала болмайды» жобасы аясында 8-11 сыныптың ұлдары арасында жасөспірімдер арасындағы құқық пен заң бұзушылықтың алдын алу бойынша «Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет» тақырыбында жиналыс өткізілді. » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қиын бала болмайды» жобасы аясында 8-11 сыныптың ұлдары арасында жасөспірімдер арасындағы құқық пен заң бұзушылықтың алдын алу бойынша «Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет» тақырыбында жиналыс өткізілді.
26
январь
2023

«Қиын бала болмайды» жобасы аясында 8-11 сыныптың ұлдары арасында жасөспірімдер арасындағы құқық пен заң бұзушылықтың алдын алу бойынша «Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет» тақырыбында жиналыс өткізілді.

      Ағымдағы жылдың 26.01.күні  Шу қаласы «Жібек жолы мектеп-лицейінде «Қиын бала болмайды» жобасы аясында 8-11 сыныптың  ұлдары арасында жасөспірімдер арасындағы құқық пен заң бұзушылықтың алдын алу бойынша «Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет» тақырыбында жиналыс өткізілді. Бұл жиналысқа Шу ауданы ІІБ қызметкері, полиция капитаны, мектеп инспекторы Пирматов Азат Жанабекович және мектебіміздің «Әкелер» клубының төрағасы Уркимбаев Болат Бодаубекович, мектептің АӘД жетекшісі М.А. Көбегенов қатысты. Оқушыларға «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық» тақырыбында видеоролик көрсетіліп, мектеп инспекторы А.Ж.Пирматов «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында прифилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар қазіргі кездегі интернет желісіндегі алаяқтықтық іс- әрекеттерден сақтанудың жолдары туралы түсіндіріп өтті. «Әкелер» клубының төрағасы Б.Б.Уркимбаев өзінің үлкендік, өмірден түйгені мен көргенін айтып, жасөспірімдерге ақыл-кеңестерін айтты. Мектебіміздің АӘД жетекшісі М.А.Көбегенов жоғарғы сынып ұлдарын спортпен шұғылдануға, бос уақыттарын тиімді пайдалануға, Отанымыздың нағыз патриоттары болуға шақырды.