12
май
2019
«Жібек жолы» мектеп – лицейінде Су айдынындағы қауіпсіздікті алдын алу тақырыбындағы ата аналар жиналысының өтуі туралы.
«Жібек жолы» мектеп – лицейінде Су айдынындағы қауіпсіздікті алдын алу тақырыбындағы ата аналар
жиналысының өтуі туралы.2019 жылдың 25 сәуірінде Шу ауданы әкімдігінің және «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасынан» №03./1982 16.04.2019ж келген хатына сәйкес жазғы каникул кезінде су тоғандарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары мен балалардың сауықтандыру демалыс ұйымдастыруда олардың өмірі мен денсаулығын ,қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектепішілік ата аналар жиналысы өтті.Жиналыста мектеп директоры Джангарашева А.Т.Шу аудандық полиция бөлімінің ЮПБ инспекторы полиция капитаны Жайлибеков Б.С. мектептің ТІЖО Ордабаева Р.Р. және ата аналар комитетінің төрайымы Бейімбетова Г.О. қатысып әр қайсысы бұл мәселеге тоқталды.Жиналыс барысында суда шомылудың ережелері мен қауіпсіздік шаралары ,суда шамылудың қауіптері,алғашқы көмек көрсетулері туралы бейне роликтер көрсетіліп ,жадынама парақшалары таратылды.Жазғы демалыс маусымында балалардың судан,өрттен,жол қауіпсіздігінен алдын алуды қатан бақылауда ұстау керектігін ата аналарға міндеттелді.

Тәрбие орталығы.
