"Отбасы - тәрбие бастауы" тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Отбасы - тәрбие бастауы" тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
18
октябрь
2023

"Отбасы - тәрбие бастауы" тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.

18.10.2023ж мектебімізде "Отбасы - тәрбие бастауы" тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа мектептің қамқоршылық кеңес төрайымы Г.О.Беймбетова және кеңес мүшелері, ата-аналар комитетінің төрайымы А.Ш.Омарбекова және мектептің ата-аналары қатысты. Күн тәртібіндегі мәселелер: 1.2023-2024 оқу жылының ұйымдастырылуы туралы; 2."Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" жұмысының ұйымдастырылуы туралы; 3."Жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу" Жиналыс барысында мектеп директоры Гүлбарам Қайшыбекқызы биылғы оқу жылының ұйымдастырылуы және мектебіміздегі жаңалықтар туралы айтып өтті. 2023-2024 оқу жылында мектепте "Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығының жұмысымен таныстырды. Мектеп психологі суицидтің алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ата-аналарға өз кеңесін айтты. Жиналыс соңында мектебіміздің белсенді ата-аналары директордың алғыс хатымен марапатталды.