"Жібек жолы мектеп-лицейінде" 10 ақпан күні «Дені сау бала – елдің келешегі» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Жібек жолы мектеп-лицейінде" 10 ақпан күні «Дені сау бала – елдің келешегі» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
10
февраль
2023

"Жібек жолы мектеп-лицейінде" 10 ақпан күні «Дені сау бала – елдің келешегі» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.

"Жібек жолы мектеп-лицейінде"  10 ақпан күні   «Дені сау  бала – елдің келешегі» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде: 1. І жарты жылдық  оқу-тәрбие  жұмысының  нәтижесімен таныстыру. 2. "Салауатты өмір салты- оқушының  жетістікке жету негізі" тақырыбында хабарлама. Жиналысқа қатысушылар: қамқоршылық кеңес төрайымы, ата-аналар комитетінің төрайымы, "Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы" КММ Әлеуметтік психолог кеңесші маманы И.Т.Тилеубаева, мектеп әкімшілігі мен ата-аналар. Алғашқы сөз кезегі  мектеп директоры Тұрлыбек Гүлбарам Қайшыбекқызына берілді. Мектеп директоры ата-аналар  алдында  І жарты жылдықта оқу-тәрбие процесінде  атқарылған жұмыстарының нәтижесі бойынша  есеп берді. Екінші мәселе  бойынша әлеуметтік психолог кеңесші  И.Т.Тилеубаева сөз алып, қазіргі  таңдағы   мәселелердің бірі тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы айтып  өтті.  Балалар мен  жасөспірімдерді СӨС жетелеудің маңыздылығы, жақсы әдеттер мен  дұрыс  тәрбие -  зорлық-зомбылықтың алдын  алудың ең тиімді жолы  екендігін атап өтті. Жиналыс  соңында облыстық, республикалық жетістіктерге жеткен  оқушылардың ата-аналарына, мектебімізге демеушілік  көрсеткен жомарт ата-аналарға мектеп директорының алғыс хаты табысталды