Мектеп басшысының ата-аналар алдында жылдық қорытынды есеп беру жиналысы » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп басшысының ата-аналар алдында жылдық қорытынды есеп беру жиналысы
22
май
2022

Мектеп басшысының ата-аналар алдында жылдық қорытынды есеп беру жиналысы

Шу қаласы «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ бойынша 2022 жылдың 21 мамыр күні Шу ауданы білім бөлімінің № 1077 хатына сәйкес 2021-2022 оқу жылының аяқталуына байланысты мектеп басшысының ата-аналар алдында жылдық қорытынды есеп беру жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектебіміздің ата-аналары, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер қатысты. Жиналыста мектебіміздің директоры А.Т. Джангарашева сөз алып, 2021-2022 оқу жылында мектебімізде атқарылған жұмыстар туралы қорытынды есебін берді. Сонымен қатар ата-аналармен мектептің келесі жаңа оқу жылына байланысты көтерілген мәселелер талқыланып өтілді. Жиналыс барысында алдағы соңғы қоңырау салтаны күндері мектеп бітіруші түлектердің салтанатты жиыннан кейін кафелерге, ресторандарға баруына, табиғат аясына ата-аналардың қарауынсыз шығуына, лимузиндерді жалға алып, көліктерге мінуге, кешкі мезгілде 22-00 ден кейін көңіл көтеретін орындарға баруына, мектепке және мектеп мұғалімдеріне бағалы сыйлықтар беруіне, ақша жинауға қатаң тиым салынатыны туралы айтылды. Сонымен қатар жаз маусымындағы балалардың өмір қауіпсіздігі, оның ішіндегі «Су айдынындағы қауіпсіздік», «Жол көлік оқиғасының алдын алу», кәмелетке толмағандардың заң бұзушылығы мен құқық бұзушылығының алдын алу, «Діни экстремизмнің алдын алу» яғни теріс ағымдағы діндердің ағымына ілесіп кетпеуді қадағалау, шіркеулер мен мешіттерге баруын қадағалау, «Өрт қауіпсіздігі», «Электр көзінен сақтану» қауіпсіздігі және де келеңсіз оқиғалардың алдын алуы бойынша түсіндіріліп, жазғы каникул кездері ата-аналар осы айтылған балалардың өмір қауіпсіздігіне тікелей өздері жауапты екендіктері ескертіліп,түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мектеп басшысының ата-аналар алдында жылдық қорытынды есеп беру жиналысы