Көшбасшылық пен ұстаздықты ұштастыра білген ардақты жан » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Көшбасшылық пен ұстаздықты ұштастыра білген ардақты жан
20
апрель
2018

Көшбасшылық пен ұстаздықты ұштастыра білген ардақты жан

«Білімді ұрпақ тәрбиелеген ұтады» деп, ұлы абыз Қорқыт айтып кеткендей, «ұстаз» деген ұлы атқа лайық болу әрбір шәкірт тәрбиелеп отырған кез келген көшбасшы мұғалімге тән қасиет деп білемін. Жалпы ұстаздық жұмысымен қатар көшбасшы жан-жақты және көшті бастай алатындай қайратты, әрі шыдамды болуы керек.Осы сөзімнің дәлелі ретінде мектебіміздің басшысы, әрі көшбасшысы Джангарашева Ардақ Төлепбаевнаның ұрпақ тәрбиелеуде қосқан үлесін атап көрсетуге болады.
Көшбасшылық пен ұстаздықты ұштастыра білген ардақты жан Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдауындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында, көшбасшымыз А. Т. Джангарашеваның жетекшілігімен 7 сынып оқушысы Серікбай Әліби ғылыми шығармашылық жұмысты қолға алды. Ол жобаның мақсаты: жер ғаламшарының су қабаты туралы ғалымдардың ұсынған мағлұматтарын оқып білу және алған білімді тереңдете отырып, туған жердің суын зерттеу, қорғау. Зерттеу барысында: Судың құрамын, ластану мөлшерін анықтау, судың еріткіштік қасиеті судың жер бетін өзгертуші әрекеті, суды тазарту әдістері және судың емдік қасиеті зерттеліп, лабароторияларда тәжірибиелер жүргізіліп, бақыланып нәтижелері алынды. Табиғи заңдылықтарды ұғыну үшін, судың құрамын, ластану мөлшерін анықтау үшін Тасөткел су қоймасынан және Шу өзенінен, жаңбырдың суынан, күнделікті ішіп жүрген судың құрамынан сараптау үшін, әр объектіден 1 литр судың сынама үлгісі алынды. Шу қалалық санитарлық эпидемиологиялық сараптау орталығында арнайы аспаптар мен радиактивтер көмегімен зертханалық жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде Тасөткел су қоймасынан және Шу өзенінен алынған су сынамаларының ішек ауруларын тудыратын қоздырғыштар сальмонелла, энтропагендік ішек таяқшаларының жоқ екені анықталды. Осы зерттеумен бірге Шу өзені суының химиялық құрамы, су температурасының маусымдық және тәуліктік ауытқуын зерттеп қорытынды графигі сызылды.
Аудандық, облыстық байқауларға қатысып, республикаға жолдама алған ғылыми жоба жұмысы Республикалық «Зерде» ғылыми жоба қорғау байқауына қатысты. Байқауда «Туған жердің суын зерттеу және қорғау» тақырыбында ғылыми жобаны қорғап, жүлделі І орынды иеленді.Мұндай деңгейге оқыту үдерісіне енгізіліп жатқан жаңартылған білім беру мазмұны мен көшбасшыға тән іскерлік қасиеттерді қатар ұштастыра білетін, өз ісінің шебері әрі білімі мен біліктілігі жоғары маман ғана қол жеткізе алады. Осындай зор еңбектің нәтижесі мектебіміздегі ұстаздарға да ой тастап, біраз ұстаздарымыз ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуда.
Білекке сенген заманда,
Ешкімге есе бермедік.
Білімге сенген заманда,
Қапы қалып жүрмейік.-деген қағиданы ұстанған Ардақ Төлепбайқызы сынды ұстазы бар Серікбай Әліби бақытты.
Хакім Абайдың «Естілердің сөзін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» деген қағиданы ұстанатын көшбасшы ұстаздың өзінен кейінгілерге берері де мол, үйренеріміз де көп.