Тарихы сонау 1993 жылдан бастау алатын білім ордасына биыл – 30жыл. » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тарихы сонау 1993 жылдан бастау алатын білім ордасына биыл – 30жыл.
22
сентябрь
2023

Тарихы сонау 1993 жылдан бастау алатын білім ордасына биыл – 30жыл.

Тарихы сонау 1993 жылдан бастау алатын білім ордасына биыл  – 30жыл. 
  Осы киелі шаңырақтан талай шәкірттеріміз білім алып, Отанымыздың игілігіне қызмет атқаруға өмірлік жолдамамен аттанды. 1993 жылы ауданымыз бойынша алғаш жаңа типтегі мектеп-лицей болып ашылған білім  ошағы өзінің өсу-өркендеу жолында талай қиындық пен табысты сәттерді бастан кеше отырып, бүгінгі тәуелсіз елдің талантты балаларын оқытатын білім ордасына айналып отыр.  
  «Жібек жолы мектеп-лицейінің» тарихында осы жылдар ішінде 1074 түлек, солардың ішінде 67 түлек «Алтын белгі» төсбелгісін, 41 түлек  «Үздік аттестатты» иеленіп, қанаттары қатайып, түлетіп ұшты. Солардың жеткен жетістіктері, шыққан биіктері, атқарған игі істеріне сүйсініп, мақтанып жүреміз. 
  Мектебіміздің 30 жылдық мерейтойына орай үлкен іс-шара ұйымдастыру жоспарлануда. Осығын байланысты мектебіміздің түлектері туралы ақпарат жинақталып жатқанын хабарлаймыз. Өзіңіз жайлы ақпараттарды (аты-жөні, фотосурет, қызметорны, т.б.) 87471841130 байланыс нөміріне хабарласып, қалдыруыңызды өтінеміз. Құрметпен «Жібек жолы мектеп-лицейінің» әкімшілігі мен ұстаздары.