Инновациялық кеңістікті қалыптастыра отырып білім сапасын көтеру аспектілері. » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Инновациялық кеңістікті қалыптастыра отырып білім сапасын көтеру аспектілері.
04
июнь
2020

Инновациялық кеңістікті қалыптастыра отырып білім сапасын көтеру аспектілері.

 «Жібек жолы мектеп-лицейі» директоры А. Джангарашева

Мектеп келешек ел басқаратын, жерін елі мен халқының  мерейін  өсіріп, мәртебесін биіктететін жасампаз жандарды тәрбиелейтін киелі де, қасиетті ұя. Ал сол мектептің негізгі тірегі - білімді де білікті ұстаз. Қазіргі заман талабына сай әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, білім бәйгесінде, дүбірлі жастардан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару - осы ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі. Осы орайда «Жібек жолы мектеп-лицейде»  дәл осындай қабілет пен қастерді бойына сіңіре білген 70 – ке тарта ұстаз еңбек етеді. 
Бүгінгі күн талабына байланысты жаңартылған білім мазмұны бойынша лицейдің  50 мұғалімі (48%), деңгейлік курстан 13 (19%), ағылшын тілінде 5 (7%) мұғалім курстан өтті. 
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп отырған кезеңде, мектебімізде оқушылардың сапалы білім алып, ғылыми-шығармашылық,зерттеушілік ізденісін қалыптастыру мақсатында бірнеше инновациялық жобалар іске асты, айтар болсам 1-жобамыз IT-«Робототехника»кабинетінің ашылуы, бұл кабинетте тек лицей оқушылары ғана емес ауданымыздың мектептерінен қызығушылық танытқан 260-оқушысы жыл ішінде арнайы қойылған кесте бойынша үйірмеге қатысып  білім алды. 2-3ші жобамыз Елбасының»Жасыл ел»бағдарламасы аясындағы биологиялық нысандар: мектеп ішінде жасалған «Қысқы жасыл бақ», мектеп ауласында «Болашақ» аллеясы ашылды.  4-жоба »Назарбаев Зияткерлік мектебі» Іс-тәжірибесіндегі «Шаңырақ» жобасыны. 5-жоба «Даналар жүрген жерде із қалар» дегендей қазақстан мектептерінде тұңғыш ашылып отырған Қазақстан республикасындағы халықаралық ғылым академиясының академигі профессор Әліпбеки Оңғарбек Әліпбекұлы атындағы геоақпараттық технологиялар орталығының ашылуы, орталыққа акдемик өз тарапынан 12млн. сомада тұратын плоттер құрылғысын және инновациялық геоақпараттық технологиялардың американдық соңғы үлгідегі лицензиялы программасын орнатып берді. Бұл жобалар оқушыларымыздың теориялық алған білімін практика жүзінде дәлелдеуге үлкен мүмкіндіктер береді. 
Осы бағытта ұстаздар мен оқушылардың бірлескен тобы жұмысты бастапта кетті.
Мектеп ұжымы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының бағыттарын іске асыруға өз үлестерін қосуда. Елімізде жүргізіліп отырған саясатқа сай, мектебімізде оқушыларға білім алуға барлық жағдай жасалынып отыр. Жыл сайын республикалық «Дарын», «Зерде» ғылыми-тәжірибелік орталығы еліміздегі дарынды оқушыларды анықтау, оларды оқыту мен дамыту мақсатында республикалық және халықаралық дәрежедегі өткізілетін пән олимпиадалары, ғылыми жоба байқаулар мен  интеллектуалды шараларға да біздің лицейдің оқушылары үнемі қатысып отырады. Атап айтсақ, Республикалық пән олимпиадасының аудандық кезеңіне мектебіміздің 22 оқушысы қатысып, 14 жүлделі орын иеленді. Лицейдің оқытылу бағыты жаратылыстану –математика бағытында болғандықтан осы пәндер тереңдетіліп оқытылады. Оның нәтижесін облыстық президенттік пән олимпиадасына қатысқан 11сынып оқушы Жаңқабай Балнұрдың-ІІІ орынды иеленіп, білім басқармасының  алғыс хатымен марапатталуынан көруге болады.
«Көргеннен, білгеннен аспау, жоқты іздемеу ой мешеулігі»дегендей, біздің оқушыларымыз пән олимпиадасымен шектеліп қана қоймай, тәжірибелі мұғалімдердің жетекшілігімен жаңа технологияларды пайдалана отырып керемет   жобалар дайындап, ғылыми жобалар байқауларына  қатысып, жүлделі орынға ие болып жүргенін мақтанышпен айтқым келеді. Мектеп базасында бірнеше үйірмелер жұмыс жасайды, соның ішінде «Жас географ», IT-«Робототехника», «Жас биолог», «Жас тілші» үйірмелерінің негізінде 15 ғылыми жоба қорғалды. Атап айтар болсақ: 
Ұрпағы білімді елдің - болашағы жарқын» дегендей /Былтыр Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өткен халықаралық «Жас ғалым» ғылыми жоба байқауында мектебіміздің 11 сынып оқушысы Ахунбаева Эхсана 3 орын алып, грант иегері атанса, биыл да Оңтүстік Кореяның Теджен қаласында өткен халықаралық «Жас ғалым» ғылыми жоба байқауында мектебіміздің 11 сынып оқушысы Жаңқабай Балнұр 3 орын алып, грант иегері атанды.  «Зерде» Ғылыми жоба байқауының республикалық кезеңдерінде 7 сынып оқушысылары Серікбай Әліби/ география/, Садықбай Әділет / қазақ әдебиеті/
 І орынды иеленді.
  • Республикалық Кіші Ғылым академисиясының 45-ші ғылыми-практикалық конференциясына қанысып: 9 сынып оқушылары Мухамедова Диана-І-ші дәрежелі; Бейсебаева Қазына- І-ші дәрежелі; Атамқұлова Мерейім- ІІ-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды.
  • Халықаралық “Дарынды бала” (Москва) төсбелгісін 9 сынып оқушылары Мухамедова Диана мен Бейсебаева Қазына иеленді. Халықаралық энциклопедияға енгізілді
  • Халықаралық Research start  (Москва қ.) оқушылардың зерттеу жұмыстары конкурсына 9 сынып оқушысылары: Атамқұлова М. «Мектеп бағдарламасында тікбұрышты үшбұрыш қасиетін тригонометриялық өрнектерді есептеуде қолдану» тақырыбында, Бакшалиев Ш. «Улучшения экологии города Шу с помощью установки газобалонного оборудования на автомобили» тақырыбында ғылыми жобаларын жазып, , ІІ және ІІІ-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды Халықаралық Ғылыми жобалар байқаулары орталығымен келісімге отырып,  осы келісім бойынша жаз айында Париж қаласында өткен Халақаралық Ғылыми жобалар байқауына А.Абдимуратова мен Л.Петрова ғылыми жобаларымен шығып, ІІ және ІІІ-ші дәрежелі дипломдармен және мадальмен марапатталғанын мақтанышпен айтуға болады.
  • Республикалық   «Skills   academy»  мекемесі   ұйымдастырған  сайысына қатысып, Республикалық “Қазақстан  үміті”  төсбелгісі   және  мақтау  қағазын 10 оқушы иеленді:
 1.Орзан Н-7а сыныбы;
2.Есалы А.-7а сыныбы;
3.Медалиева К.-7а сыныбы;
4.Алибай А.-7б сыныбы;
5.Елеуке А.-7б сыныбы;
6.Қалмырза А.-11б сыныбы;
7.Мейрланқызы А.-6а сыныбы;
8.Асқанбай Б.-6а сыныбы;
9.Манатбек А.-6б сыныбы;
10. Доғдырбай А.-6б сыныбы.
 
КИО оқушылар Республикалық  қашықтық олимпиадасына келесі 5 оқушы қатысты:
  • Назаршойева Т. – Қазақстан Тарихы, ІІ-орын; 
  • Хан Н. – Қазақстан Тарихы, ІІ орын;
  • Бакшалиев Ш. – ағылшын тілі, І орын;
  • Каликова Ұ. – ағылшын тілі, ІІ орын;
  • Бейбосын Д. – Қазақстан Тарихы, ІІ орын.
  • Республикалық “Оқушы шығармашылығы” шығармашылық  байқауында (Астана) І-дәрежелі дипломмен – 10 оқушы, ІІ-дәрежелі – 2 оқушы;
  • Халықаралық   “КЕНГРУ” байқауына 25 – оқушы, “ЗОЛОТОЕ РУНО” байқауына 10 – оқушы,  «ПОНИ» сайысына 34  - оқушы қатысып, жүлделі орындарды иеленді;
·Республикалық  «Ақ бота»  интеллектуалдық марафон 45 – оқушы;
  • Атагелді Ділнұр Ш.Қалдаяқов әндерінің байқауы мен Ұлттық “Бала дауысы – 2019” байқауында бас жүлдені иеленді;
  • Республика, облыс көлеміндегі спорттық жетістіктердің саны – 45 жүлделі орын;
 Инновациялық кеңістікті қалыптастыра отырып білім сапасын қөтеру және жан – жақты қалыптасқан тұлға тәрбиелеу барысында лицей ұстаздары тынымсыз еңбек етуде. Оның айғағы ретінде мектебіміздің оқушыларының білім сапасының жылдан жылға жоғары жетістіктерге қол жеткізумен қатар, Ұлттық Бірыңғай Тест тапсыру кезеңінде мектеп түлектерінің көрсеткіштері де көз қуантарлық. Атап айтсақ, былтырғы мектеп бітірген   33 түлегіміздің  тест тапсыру кезеңіндегі орташа балы 80  және 5 «Алтын белгі» иегерлері бітірсе,биылғы жылы 35-түлек   5 «Алтын белгі», 4 «Үздік аттестат» иегерлері бітірді және барлық 35 оқушы ҰБТ-ға қатысады. 
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой - өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - заман талабы. 2017 жылдан бастап лицей ұжымы  Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясына мүшелікке қабылданды , халықаралық ғылым академиясымен  және бірнеше ЖОО - мен келісімге отырып, бірлескен нәтижелі жұмыс жүргізіп келеді. 

             Лицей ұстаздары облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысумен қатар   өз тәжірибелерімен бөлісу мақсатында аудан, облыс, республика көлемінде семинарлар, ғылыми әдістемелік және   пресс конференциялар, онлайн сабақтар  өткізіп, басылымдарға өз мақалаларын, авторлық бағдарламаларын жариялау, презентациялауды дәстүрге  айналдырған. Атқарылған еңбектерінің нәтижесінде Республикалық деңгейдегі грамоталар /мадақтаулар/алғыс хаттар мен марапатталумен бірге ерекшеленген ұстаздар мен дарынды оқушылар халықаралық «Большая Международная Энциклопедия» кітабына енгізілді. Осындай білікті ұстаздарымыз Кобец.Н.Н,Тохтабулатова.Р.С. Джобалаева.Н.М. Адамбекова.Л.Т, Валиева.З.С атап өтуге болады. Сондай-ақ былтырғы оқу жылының рейтингісі бойынша ауданымыздың әкімі лицей ұжымының еңбегін бағалап, 600 000 тенгенің сертефикатын сыйға тартса биыл«Үздік білім ұйымы»номинациясын 1000 000тг жеңіп алдық. «Елге сіңірген еңбек жақсы, еңбекті елеген ел жақсы» деп даналар айтқандай«Үздік педагог» конкурсының жеңімпазы Джанкеиева.Б.Х. 100 000тг сетификатымен марапатталса,
 оқушымыз Жаңқабай Балнұр ауданымыздың әкімі  қабылдауында болып бағалы сыйлықпен марапатталды. Облыс әкімі  дарынды оқушылармен ұйымдастырылған кездесуіне 11 сынып оқушысы Жаңқабай Балнұр шақырылып,   әкімінің «Алғыс хатымен» және   100 000тг сетификатымен марапатталды. 
        «Тәжірибе негізі ғылым, даналық негізі білім» дегендей білім сапасының артуына өз үлесін қосып, талмай-қажымай еңбек етіп келе жатқан ұстаздар қауымының өз тұғырынан түспей, әлі де біраз белесті бағындырарларына сеніміміз мол.