Сыңғырла, соңғы қоңырау! » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сыңғырла, соңғы қоңырау!
25
май
2022

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

«Жібек жолы» мектеп-лицейінде мамырдың 24 мен 25 күндері «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты мерекелік салтанатқа 824 оқушы қатысты. Соңғы қоңырау басталған кездегі үш толқын ұрпақтың: ата-аналар мен ұстаздардың, оқушылардың жүздеріндегі алаулаған шаттықты, көздеріндегі шуақ¬ты нұрды көргенде, кімнің де болса жан дүниесі толқымай тұра алмайды.
Мерекелік іс-шараға Шу ауданының әкімі Арубаев Сәкен Қаланұлы мен білім бөлімінің басшысы Раймбеков Қуат Оразбекұлы, қамқоршылық кеңестің мүшелері, ұлағатты ардагер ұстаздар және ата-аналар қатысты.
Мектеп түлектері сынып жетекшілеріне гүл шоқтарын ұсынып, алғыстарын айтып, білім кілтін 10-сынып оқушыларына тапсырды. Сол секілді ата-аналар атынан сөз алған азаматшалар да ұстаздар еңбегін жоғары бағалап, қашанда алтын ұядағы білім мен тәрбие алдағы уақытта өз жемісін беретініне сендірді.
Күміс қоңырауды 1-сыныптың 3 оқушысы соғып, олардың қолынан түлектер алып, шаттықтың құшағында ұрпақтар сабақтастығының әдемі көрінісін жұрттың көз алдынан өткізді. Соңы қоштасу вальсіне ұласты.