Заманауи кітапхана ашылды » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Заманауи кітапхана ашылды
08
февраль
2022

Заманауи кітапхана ашылды

Бүгін, 2022 жылдың 8 ақпанында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында және 14 ақпан - Халықаралық Кітап сыйлау күніне орай «Жібек жолы» мектеп-лицейінде заманауи үлгідегі кітапхананың тұсау кесу рәсімі өтті.
Кітапхананың тұсауын ардагер ұстаз, 2021 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табыс еткен Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері Жұмакүл Қозыкөрпешева мен мектебіміздің ұлағатты ұстазы, «Қазақстан ұстазы» төсбелгісінің иегері Пернекул Қожагельдиева кесті.
Заманауи үлгідегі кітапхананы ашудағы мақсат – мектебіміздегі оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, - деді білім ордасының директоры Ардақ Джанғарашева. – Бұл жерде кітап оқумен қатар, пікірталастар, тұлғалармен кездесу өткізіп тұруға болады.
Мектеп кітапханасының қорында 30 мыңға жуық кітап бар. Оның ішінде көркем әдебиеті 4 мыңға жуық, ал 18 мыңнан астамы оқулықтар.