2019-2020 оқу жылы «Жібек жолы » мектеп-лицей кітапханасында өткен «Сыйлыққа кітап», «Буккроссинг-біздің мектепте!» акциясы » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2019-2020 оқу жылы «Жібек жолы » мектеп-лицей кітапханасында өткен «Сыйлыққа кітап», «Буккроссинг-біздің мектепте!» акциясы
20
ноябрь
2019

2019-2020 оқу жылы «Жібек жолы » мектеп-лицей кітапханасында өткен «Сыйлыққа кітап», «Буккроссинг-біздің мектепте!» акциясы

«Жібек жолы» мектеп-лицей кітапханасында қараша айында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында «Сыйлыққа кітап-В подарок книга» кітапханаға ерікті түрде кітаптар өткізу мен «Шаңырақ» жобасы аясында «Буккроссинг-саяхатшы кітап» атты тақырыппен іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – кітапхана қорын көркем әдебиеттермен толықтыру,мектеп оқушылары мен ата-аналарды ұстаздарды және де өзге де мамандарды жұмылдыру арқылы қоғамды кітап оқуға үгіттеу,жастардың бойындағы рухани мәдениетті дамыту.Шара барысында кітапханашылар оқырмандарға «Сыйлыққа кітап», «Буккроссинг» қозғалысы туралы ақпарат беріп, кітаптарға библиографиялық шолу жасалды. Бұның мәні - кітап жаңа оқырманын табу үшін адам оны оқығаннан кейін қоғамдық орынға тастап кетеді. Осы бейнеде кітап сөреде «сағынбайды». Ол «өмір сүреді» және барлық әлемді аралайды. Бастысы, кітап оқығанды жақсы көретін адамдарды біріктіреді.
Іс-шараның басын мектеп директоры А.Т.Джангарашова ашып авторлық кітаптарын сыйға тартса:
2019-2020  оқу жылы «Жібек жолы » мектеп-лицей кітапханасында өткен  «Сыйлыққа кітап», «Буккроссинг-біздің мектепте!» акциясы
Орыс тілі пәнінің мұғалімі Р.С.Тохтабулатова студенттік өмірден оқып келген 140-дана орыс тіліндегі көркем әдебиетті сыйға тартып,кітапхананың қорына үлкен үлесін қосты.
2019-2020  оқу жылы «Жібек жолы » мектеп-лицей кітапханасында өткен  «Сыйлыққа кітап», «Буккроссинг-біздің мектепте!» акциясы

Буккроссингті алғаш ойлап тапқан ғалым Рон Хорнбекер. «Буккроссинг» қазақшаға аударғанда «кітап сыйлау» немесе «кітаптың айналыста жүруі» деген мағынаны білдіреді. Үйлеріңіздегі оқып болған кітапты алып келіп орнына оқымаған кітаптарыңызды алуларыңызға болады немесе құрбы достарының арасында кітаптың саяхаттап жүруі. Бірнеше кітап өз оқырманын тапты.Акциямыздың басты мақсаты оқырманның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
2019-2020  оқу жылы «Жібек жолы » мектеп-лицей кітапханасында өткен  «Сыйлыққа кітап», «Буккроссинг-біздің мектепте!» акциясы

Мектеп ұстаздары әрі ата ана ретінде және де сынып жетекшілері жас педогогтар –қайырымдылық іс-шараға энциклопедия,көркем әдебиет,педагогикалық журналдарын тарту етіп үлес қосты.
2019-2020  оқу жылы «Жібек жолы » мектеп-лицей кітапханасында өткен  «Сыйлыққа кітап», «Буккроссинг-біздің мектепте!» акциясы

Қараша айындағы ұйымдастырылған «Сыйлыққа кітап», «Буккроссинг-саяхатшы кітап» акциясы арқасында мектеп кітапханасына біраз көркем әдебиеттер және басқада сала бойынша кітап жиналды, кітапхана қоры 160 дана кітаппен толықтырылды. Оқырмандардың сыйға тартқан оқулықтары есепке алынып, кітап қорын толықтырып айналымға түсті.