«Мәңгілік Ел алыбы» атты кітап көрмесі. » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мәңгілік Ел алыбы» атты кітап көрмесі.
17
февраль
2021

«Мәңгілік Ел алыбы» атты кітап көрмесі.

«Жібек жолы мектеп-лицейі»КММ директорының ҒІЖО А.Толеуова.
"Бүгін менің туған күнім. Ой, бәле-ай! Мына адамдар неге жатыр тойламай?!" деп жырлаған ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл 90 жыл толып отыр. «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ ақпан айы басталғалы ақынды еске алу мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, жоспарға сай өткізіп жатыр. Соның бірі - мектеп-лицей кітапханасының ұйымдастырған «Мәңгілік Ел алыбы» атты ақынның шығармаларынан кітап көрмесі.
Көрменің басты мақсаты: оқырмандарды ақынның мектеп қорындағы туындыларымен таныстыру, бірге ақынның өмір жолы мен шығармашылығына шолу жасау.
Кітап көрмесінде мектеп кітапханашысы Г.Атабаева оқушыларды ақынның шығармаларымен таныстырып, шығармалардан үзінділер оқып берді.
Өз заманында лайық бағасын ала алмаған ақынның өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік. Осы көрмеде 3 «ә» сынып оқушылары ақынның қаламынан туған жырларының шумақтарын жатқа айтты.