11сыныптарға арналған оқулықтардың тұжырымдамасы мен мазмұны ерекшеліктерімен педагогтарды таныстыру бойынша әдістемелік семинар өткізілді. » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 11сыныптарға арналған оқулықтардың тұжырымдамасы мен мазмұны ерекшеліктерімен педагогтарды таныстыру бойынша әдістемелік семинар өткізілді.
05
август
2020

11сыныптарға арналған оқулықтардың тұжырымдамасы мен мазмұны ерекшеліктерімен педагогтарды таныстыру бойынша әдістемелік семинар өткізілді.

2020 жылдың 05 тамызы күні Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Жол картасына сәйкес 2020-2021 оқу жылында оқу процесіне енгізілетін 11сыныптарға арналған оқулықтардың тұжырымдамасы мен мазмұны ерекшеліктерімен педагогтарды таныстыру бойынша кезекті Республикалық тамыз маслиханты аясында әдістемелік семинарлар жоспарланып, өткізілді.
 ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында бірқатар тапсырма берді, олардың қатарында білім беру сапасын арттыру мәселесі де қаралған.
«Оқулық» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен ZOOM бағдарламасы арқылы 2020-2021 оқу жылында оқытылатын 11 сыныптарға арналған оқулықтарымен оқулық авторлары таныстырып өтті.
Қазақстанда оқулықтардың сапасы қалай тексерілетіні және олардың мазмұнын жақсарту бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын сараптама комиссиясы жүргізіп өткені де айтылып өтті.
Сараптама ережелеріне сәйкес, тізімге қосуға ұсынылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін іріктеу Министрліктің Республикалық комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады. 
Оқулық авторлары пән бойынша оқулықтарға қосымша қандай нұсқаулықтар берілетініне тоқталып өтті. Таныстырылымға дейін оқу әдебиетінің сараптамасы қайта әзірленген оқулықтар мен ОӘК сапасын бағалау және олардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, оқу бағдарламаларына және қазіргі оқулықтарға қойылатын басқа да талаптарға сәйкестігін тексеру жүргізілген екен. 
Оқу әдебиетінің сапасын бағалау және іріктеу жүйесі бес кезеңнен тұратыны сөз болды: ғылыми және педагогикалық сараптама, апробация, қоғамдық бағалау, пәндік комиссияларда қарастыру, Республикалық комиссияда қарау. Сонымен қатар, өңірлерде мұғалімдермен оқулықтарды талқылау, сондай-ақ қоғам мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен қоғамдық оқу ұйымдастырылады.
Оқулықтардың сапасын бағалау кезінде келесі параметрлерге ерекше назар аударылған: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының тұжырымдамалық ережелеріне, типтік оқу жоспары мен типтік оқу бағдарламасына сәйкестігі; пәннің базалық ғылыми мазмұнының сақталуы; құндылыққа бағдарлануы; қазақстандық құрауыштың ұсынылуы; тәжірибеге бағдарлануы; оқушылардың жастық психологиялық ерекшеліктеріне мазмұнының сай келуі; мазмұнының жүйелілігі, қисындық бірізділігі және сабақтастығы; оқу материалдарын ұғынықты баяндауы; оқу жұмысының мотивациясын арттыруы; сындарлы ойлау мен талдау жасай білу қабілеттерін дамытуға бағытталуы; зерттеу дағдыларын, өз бетінше шығармашылық жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағыттылығы; тілдік біліктілігі мен коммуникативтілігін дамытуға бағыттылығы; жазба сөз ережелеріне сәйкестігі; безендіру сапасы; оқулықтар мен жұмыс дәптерлерінің форматына, мұқабасы мен негізгі бетін безендіруге қойылатын талаптардың сақталуы; электронды қосымша (GR код) және т.б. болуы және сапасы.
Жаңартылған білім мазмұнын және оқытудың әдістемелік моделін енгізу оқулықтардың құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізуді талап етеді. Оларда жаттау мен еске сақтауға арналған теориялық материалдар көлемі қысқартылып, оның орнына, өмірдегі жағдайлармен байланысты, білімді іс жүзінде қолдануға және проблемаларды шешуге бағытталған материалдар мен тапсырмалар көбейген екен.
Визуалды мазмұны да күшейтілген: диаграммалар, модельдер, кестелер мен графикалар көп.
Оқулықтар мәселесінің көптеген адамдарға қатысы бар: мұғалімдерге, ата-аналар мен оқушыларға. Қазіргі кездегі коммуникациялар мен технологиялар жаңашылдықтар