«Сабақтағы сапалы қалыптастырушы бағалау – бөлім мен тоқсандық жиынтық бағалаудың негізі» тақырыбындағы аймақтық семинар » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сабақтағы сапалы қалыптастырушы бағалау – бөлім мен тоқсандық жиынтық бағалаудың негізі» тақырыбындағы аймақтық семинар
05
ноябрь
2019

«Сабақтағы сапалы қалыптастырушы бағалау – бөлім мен тоқсандық жиынтық бағалаудың негізі» тақырыбындағы аймақтық семинар

2019 жылдың 04 қарашасы күні Шу ауданы, «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ базасында облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті мен Тараз қ.Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен семинар өткізілді.
Шараның мақсаты: Жаңартылған білім беруге көшу жағдайында критериалды бағалау жүйесінің тәжірибеге енгізілу жолдарын қарастыру.
Міндеттері:
- мұғалімдердің оқыту үдерісінде критериалды бағалауды тиімді қолдану жолдары бойынша тәжірибе алмасуына ықпал ету;
- белсенді әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдану жолдарын көрсету;
- қолжетімді нәтижені анықтайтын бағалау құралдарын анықтау
- мұғалімдер шығармашылығын құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағыттау.
«Сабақтағы сапалы қалыптастырушы бағалау – бөлім мен тоқсандық жиынтық бағалаудың негізі» тақырыбындағы аймақтық семинар

Күтілетін нәтиже:
- тапсырмаларға дескриптор жаза алады, тапсырманың мазмұнына сәйкес бағалау әдісін дұрыс қолданады;
- сабақ барысында кері байланысты тиімді жасай алады;
- жиынтық бағалауды жоспарлау, өткізу, талдауды үйренеді, рубриканы дұрыс жаза алады, модерацияны өткізу тәртібін біледі.
Қатысушылар:Шу, Мойынқұм, Қордай аудандық мектептердің мұғалімдері,директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп үйлестірушілері мен5-10 сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдері.
Семинарға барлығы: Мойынқұм ауданы мектептерінен-15 адам; Қордай ауданы мектептерінен-60, Шу ауданы мектептерінен- 100, НЗМ- 16 адам қатысты.
Орта білім берудің тиімді әрі маңызды көрсеткіштерінің бірі мектептегі білім беру әрекетінің қызметін, дамуын, оқушыларға және олардың нәтижелеріне әсер ететіндігін көрсететін білім алушылардыңоқу жетістіктері деңгейі болып табылады.
«Сабақтағы сапалы қалыптастырушы бағалау – бөлім мен тоқсандық жиынтық бағалаудың негізі» тақырыбындағы аймақтық семинар

Семинарды «Жібек жолы мектеп лицейі» КММ директоры А.Джангарашева ашып, алғысөзді Назарбаев Зияткерлік мектебіні директорының даму бойынша орынбасары Жусанбаева Алия Махтабековнаға ұсынды. Алия Махтабековна шараның мақсаты, міндеттері мен күтілетін нәтижеге тоқталып өтті.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапалы құрылуы- білім беру сапасын арттырудың әлеуетті деңгейіне тікелей байланыстыекені мәлім.
«Сабақтағы сапалы қалыптастырушы бағалау – бөлім мен тоқсандық жиынтық бағалаудың негізі» тақырыбындағы аймақтық семинар

Семинар 2 бөлімнен тұрды: 1 кезең- сабақтар өткізу, 2 кезең- шебер-сыныптар.
Оқу сабақтарын «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ мұғалімдері мен НЗМ оқытушылары бірлесе өткізді. Сабақты жүргізу барысында бағалау жүйесіндегі тиімді, маңыздыкөрсеткіштердің бірі- мектептердегі білім беру әрекеттерінің қалай қызмет ететінін, даму жағдайын, білім алушыға, оның нәтижесіне әсер етуін көрсететін білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейі болып табылды. Сабақ кезеңінде білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін бағалау жүйесінің қаншалықты сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың шама деңгейіне соншалықты байланысты екені жария етілді.
«Сабақтағы сапалы қалыптастырушы бағалау – бөлім мен тоқсандық жиынтық бағалаудың негізі» тақырыбындағы аймақтық семинар

Шебер-сыныптарды НЗМ оқытушылары пән мұғалімдеріне арнап «Жиынтық бағалаудағы марк-схеманы қолдану. Модерация», ал мектеп басшылары мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арнап «НЗМ-да тәрбие жұмысын жүзеге асыру ерекшеліктері» (Кулымбетова Э.А.) мен «Мұғалімдердің кәсіби даму бойынша НЗМ-ң тәжірибесі» (Жусанбаева А.М.) тақырыптарында өткізді.
«Сабақтағы сапалы қалыптастырушы бағалау – бөлім мен тоқсандық жиынтық бағалаудың негізі» тақырыбындағы аймақтық семинар

Шебер сыныпта көтерілген басты мәселе - қалыптастырушы, БЖБ, ТЖБ арналған тапсырмаларды құрылу жағдайы, құрудағы қиындықтар мен оны шешу жолдары болды.
Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау жүйесінің жүргізілуі практика жүзінде көрсетілді. НЗМ оқытушылары аудандардың мектеп мұғалімдеріне бағалауды стандарттау мақсатында білім алушылардың жазбаша тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін талқылауы үшін жүргізілетін модерацияның тиімді шешімдерін ұсынды.
Бөлімдік және тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу мен модерация өткізу бойынша мұғалімдерді толғандырып жүрген көп мәселелер осы семинардың арқасында өз шешімін тапты деп толығымен айтуға болады.
Семирнар сөңында сабақ берушілер мен НЗМ оқытушылары арасында кері байланыс орнатылып, әр өткізілген сабаққа сараптама жасалады, сабақты өткізу бойынша ұсынысар берілді. Қатысушылардың ойынша және сараптама негізінде семинар өз мақсатына жетті деп толық айтуға болады.