«Birge-taza Qazaqstan» тақырыбындағы экологиялық семинар » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Birge-taza Qazaqstan» тақырыбындағы экологиялық семинар
11
февраль
2021

«Birge-taza Qazaqstan» тақырыбындағы экологиялық семинар

Шу қаласы, «Жібек жолы мектеп-лицейі» Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауындағы «Экология және биологиялық әркелкілікті қорғау» бөліміндегі сөз етілген мектептер мен жоғары оқу орындарында өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру ісіне назар аудару тапсырмасын негізге ала,2021 жылдың 10 ақпанында «Birge-taza Qazaqstan» тақырыбындағы экологиялық семинар өтті.Семинардың мақсаты:Оқушылардың сабақтан бос уақытында шығармашылық жұмыспен айналысып,уақытын тиімді пайдаланудағы үйірме жұмыстарының ролін түсіндіру.Іс шарамызға қонақ болып аудандық білім бөлімінің басшысы Жинақбаева М.Қ. сонымен қатар «Нағыз патриоттар »қоғам бірлестігінің мамандары Г.Ә.Абдраманова ,А.К.Байсеитова ,Шу қаласының бірқатар мектеп директорларымен Қамқоршылық кеңес төрайымы Г.О.Бейімбетова қатысты.








Қонақтарымызды мектеп-лицейіміздің «Эко бақ»жасанды оранжереясына, «Экологиялық пост»қалдық заттардың 2-ші өмірі, «IT сыныбы», «Геоақпараттық технологиялар жүйелер» орталығына саяхат жасап үйірме жетекшілері ,мен оқушылары таныстырылым жұмыстарын жүргізді. Семинардың 2-ші бөлімі «Экологиялық мұражайдың» ашылуымен , мектеп-лицейіміздің директоры ,география пәнінің мұғалімі А.Т.Джангарашеваның «Жобалау технологиясы» авторлық бағдарламасының,Валиева З.С. Омарова М.М. Айтмахамбетова Е.Ж.«Биотехнология » тақырыбындағы авторлық бағдарламасының тұсау кесу рәсімдері аудандық білім бөлімінің басшысы Жинақбаева М.Қ. Қамқоршылық кеңес төрайымы Г.О.Бейімбетоваға табысталды.Авторлар өз бағдарламасына презентация жүргізіп таныстырды. «Саз әлемі», «Ритмика» үйірме жетекшілерінің дайындаған музыкалық тартулары да болды.Дарынды оқушылармен жетекшілерін қадірлі қонақтардың қолынан марапаттау дәстүрге айналған ,осы дәстүр бойынша 2020-2021 оқу жылында түрлі байқаулардан жетістікке жеткен оқушыларымыз қонақтардың қолынан марапаттарын алды.Өскелең ұрпаққа таза табиғатты аманат етіп,еліміз бен жерімізге деген құрметті бойына сіңдіру мақсатындағы іс шаралар саны арта берсін дегіміз келеді.Семинар соңында лицейдің ұстаздары «Birge-taza Qazaqstan» экологиялық акциясын жалғастыру мақсатында Шу ауданының мектептеріне челлендж жолдады.