«Мектеп медияциясы» татуласу қызметінің отырысы өткізілді » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектеп медияциясы» татуласу қызметінің отырысы өткізілді
28
декабрь
2020

«Мектеп медияциясы» татуласу қызметінің отырысы өткізілді

2020 жылдың 23 желтоқсан күні «Жібек жолы мектеп-лицейінде» құрылған «Мектеп медияциясы» татуласу қызметінің отырысы өткізілді. Бұл отырысқа «Мектеп медияциясы» қызметінің құрамындағы мүшелері: айтсақ медияция қызметінің кураторы З.Б. Ернаурызов, хатшы Э.Затыбекова, мүшелері мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Р. Ордабаева, мектеп психологы Ж.Джуманбаева, әлеуметтік педагог А.Ногайбай, ата-аналар комитетінің төрайымы Г.О. Бейімбетова, «Әкелер» клубының мүшесі Н.Н. Нажетханов, «Ұлағат» аналар клубының жетекшісі Т.Р. Смагуловна және жоғарғы сынып оқушылары Сәрсенбаев Әрсен мен Амантай Мерейірім қатысты. Жиналыс барысында медияция қызметінің кураторы З.Б. Ернаурызов жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелеріне тоқталып өтіп, «Мектеп медияциясы» қызметінің мақсаты мен жүргізілетін жұмыстардың бағыттарымен таныстырып өтті. Жиналыс соңында медияция мүшелері өз ойларын ортаға салып, бұл әдістің және медиативтік тәсілдің көмегімен оқу-тәрбие қызметі процесінде туындайтын жанжалды жағдайлардың алдын алуға және шешуге , бейәлеуметтік көріністердің , құқық бұзушылықтардың салдарымен жұмыс істеуге бағытталған қолайлы тәсіл екендіктерін айтып өтті.