"Заңды білу заман талабы" тақырыбында 7,8,9 сынып оқушылары арасында қашықтықтан жиналыс. » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Заңды білу заман талабы" тақырыбында 7,8,9 сынып оқушылары арасында қашықтықтан жиналыс.
09
октябрь
2020

"Заңды білу заман талабы" тақырыбында 7,8,9 сынып оқушылары арасында қашықтықтан жиналыс.

Шу қаласы "Жібек жолы мектеп-лицейінде" 2020 жылдың 09 қазан күні "Заңды білу заман талабы" тақырыбында 7,8,9 сынып оқушылары арасында қашықтықтан жиналыс өткізілді.





Бұл жиналысқа директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Р.Ордабаева,директордың құқықтық тəрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Б.Ернаурызов,мектебіміздің əкелер клубының мүшесі,ардагер ұстаз Н.Н.Нажетханов жəне мектеп психологы Ж.К.Джуманбаева қатысты. ДТІЖО Р.Ордабаева оқушыларға мектеп ережелерін айтып өтіп,əр оқушының сырт-келбетіне, сабақ оқу кезіндегі ұстанатын қағидаларға тоқталып өтіп,ақыл-кеңестерін айтып өтті. ДҚТІЖО З.Ернаурызов мектеп оқушыларына "Кəмелетке толмағандардың жауапкершілігі" тақырыбында дəріс оқып, кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты прфилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, əр оқушының заң алдындағы құқықтары мен міндеттері туралы айтып өтті.
Келесі кезекте мектебіміздің писхологы Ж.Джуманбаева жасөспірімдерге арналған "Оқушылар арасындағы əлімжеттіктің алдын алу" тақырыбында кеңес беріп, осы тақырыпқа сай видеоролик көрсетті.
Əкелер клубының мүшесі Н.Нəжетханов ағай мектептің жас буын өкілдерінің саналы,иманды,білімді болып өсуіне бірден бір жол, ол тəрбие екенін, екінші білімге деген ұмтылыстың қажеттілігін айтып, үлкендік ақыл-кеңестерін түсіндіріп өтті.